Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірі еселі еңбекпен өткен  ел ағасы - АРҚА АЖАРЫ

Өмірі еселі еңбекпен өткен  ел ағасы

Біздің қоғамда адал еңбегімен елге еленіп, өнегелі істерімен жастарға үлгі болып, қажырлы еңбек еткен жандар баршылық. Бүгінгі мақаламның кейіпкері де осындай жандардың бірі   – ауылдасымыз, екінші және үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, ардақты азамат Досымбек Қайырұлы жайлы болмақшы.  Ұлы Отан соғысының алдында, соғыс жылдары туған ұрпақтар басқа тұстастарына қарағанда тағдыр тауқыметін көп тартқан.

Қайғы-қасіреттің ащы дәмін ерте білді. Еңбекке ерте араласып,жоқ-жітікті етене сезінген де солар. Сол жылдардағы балалар ерте есейіп, жастарынан озып, ер жетті.  Сол ұрпақтың белді өкілі – Досымбек ақсақал.

Дос-ағам соғыс басталардың алдында, мамыражай маусым айында Зеренді ауданы Кеңөткел ауылында дүниеге келген. Сұм соғыстың салған ылаңы аздай, барлық ауыртпалық, қиындықтарға қоса, ағамыз әкесінен де ерте айырылды. Сөйтіп, анасының тәрбиесінде қалды. Сол кездегі өзінің барлық тұстастарымен бала жасынан қара жұмысқа жегіледі. Кеңөткел ол жылдары колхоз болып тұратын. Таң сәріден қара кешке дейін колхоздың жұмысында жүріп, үйіне кешке қонаға бір-ақ келіп,тамақ даяр болғанша шаршағандықтан, ұйықтап қалады екен.

Қанша қажып жүрсе де,ертеңінде ұйқыдан оянғанда жастықтың оты жалындап,құлындай ойнақтап шыға келуші еді. Балалық шағы осылай өтіп жатты. Таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыста, тіпті, бала болып ойын қуып кетуге де уақыт жоқ. Жұмыстың соңында жүріп, мектепте оқуға да шамасы жетпеді. Бар болғаны 4-ақ кластық білім алды. Оған колхоз төрағасы қуанбаса, еш қынжылған жоқ. Қайта жұмысшы қолы көбейгені колхоз үшін көп пайдалырақ еді. Сөйтіп, үлкендер қайда жұмсаса да шауып жүре берді.

Тіршілікте тек өзінің адал еңбек, маңдай теріне ғана сүйенген,елгезек те зерек ағамыз өзіне жүктелген жұмыстардың қайсысына болса да жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде атқара білді. Сонысымен-ақ көпшіліктің көңілінен шығумен болды.

Колхозда ол кездері жалақы берілмейтін. Тек жыл аяғында еңбеккүнге шағып, арпа-бидай,ұн, тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек беріп жатады. Ағамыз жастығына қарамай, үй ішіне әжептәуір еңбеккүн әкелетін.

Дос-ағам өсе келе, қандай істің де қыр-сырын жақсы білді. Ауылдың тұрмыс-тіршілігіне белсене араласты.Осы қасиеті, қара жұмысқа беріктігі кейін өзінеабырой болып оралды.

Марқұм, меніңәкем де механизаторболды. Қыстыңаязындасуықтемірқолдықарып,шыжығанжаздыңыстығындатрактордыңішіндекүйіп,егіналқабындажұмысістеді. Менің алдымнан өте барғанда, Дос-ағаны «мынау «Қазақстан миллиарды» кітабына суреті шыққан Қайыров Досымбек қой»деп әкем бірден таныған. Осыдан да ағамыздың ерен еңбегінің, абыройының асқақтағанын байқауға болады.

Досымбек ағаның жер танығыштығы, еңбекқорлығы, еліне деген сүйіспеншілігі, ерен еңбегі бағаланып, 1976,1981 жылдары екі мәрте «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Аудан бойынша комбайншылардыңалдыболып, кемі 1 мың тонна астық бастыратын. Ол кезде қазіргідей шет елдің өнімділігі жоғары озық комбайндары жоқ. Мың тонна астық бастыру деген өте үлкен жетістік болып саналатын әрі бұл көрсеткіш қыруар күш-жігерді, күнді түнге ұластырған еселі еңбекті талап ететін.

Сөйтіп, ағамыз жылда «Еңбек жалауын» қолдан бермеді.1982 жылы жауын-шашынның аздығынан, бастырған бидайы жылдағыданкем болғанның өзінде ВДНХ-ның күміс медалімен марапатталған еді. Өзі ес жиып, етек жапқалы механизаторлық еңбегімен туған елі Кеңөткелдің дамуына сіңірген еңбегі зор болатын.

Кейін құрметті еңбек демалысына да осы механизаторлықтан шықты. Ауыл-аймаққа сыйлы, айналасына беделді, сүйікті жар, мейірбан әке бес бала өсіріп, тәрбиеледі. Барлығын тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, білім нәрімен сусындатып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жан. Немерелері де аталарын мақтан тұтып,мойнына асылып еркелейтін. Сондай балажан кісі еді. Нағашымыз болғандықтан, біздің үйдің балаларына да ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын.

Дос-ағам 2015 жылы дүниеден озды. Артынан өлмейтұғын із қалдырды. Шаңыраққа ие болып қалған ұлы Рысбек осы күні әке жолын қуып, егіншілікпен айналысады. Ағамыздың өмірі кейінгі буын ұрпақтарына үлгі. Біз көз көрген осы аға-апаларымызға қарап, бой түзеп, ұл-қызымызды еңбекке баулуға міндеттіміз.

  Бақшагүл АЙТБАТЫРҚЫЗЫ,
Кеңөткел ауылдық кітапханасының кітапханашысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар