Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Даму» қорының қаржысы дамуға жол ашты - АРҚА АЖАРЫ

«Даму» қорының қаржысы дамуға жол ашты

Жуырда «Даму» қорының БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған баспасөз турына қатысып, кепілдікті және жеңілдетілген несиелендіру бойынша қаржыландырылған кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысқан едік.

Жыл басынан бері «Даму» қоры Ақмола облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің 685 жобасына жалпы сомасы 37,3 миллиард теңгеге қолдау көрсетті. Оның ішінде 26,3 миллиард теңге несие сомасына субсидиялау бағытында 399 жобаны қолдап, 8 миллиард теңге несиеге кепілдік берді. 3 миллиард теңге сомасына 45 жоба жеңілдетілген несие алды. Мемлекеттік қолдаудың негізгі екпіні көлік және жинақтау, сауда және өндіріс салаларына аударылды.

–Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «Даму» Қоры «Кең дала 2» жаңа бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бағытталған агроөнеркәсіптік сектордағы жобаларға кепілдік бере бастады. Кепілділігі жеткіліксіз кәсіпкерлерге несиенің 85 пайызына кепілдік ұсынылды. Несиені «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «СПК «KOKSHE» АҚ, екінші деңгейлі банктер, несие серіктестіктері береді. Жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды. Жалпы, Ақмола облысында бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы несиенің жалпы сомасы 14,7 миллиард теңгені құрайтын 56 жобаға кепілдік берілді. Ал, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Ақмола облысында «Көкшетау-Бизнес 2024» жаңа өңірлік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама шарты бойынша несиені Көкшетау қаласында тіркелген кәсіпкерлер ала алады. Бұл ретте, несиенің ең жоғары сомасы 20 миллион теңге, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7 пайыз, мерзімі 7 жылға дейін.«Даму» Қоры ұлттық даму институты бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнесті сапалы дамытуға жәрдемдеседі, бұл нақты экономикалық нәтиже береді. Өңірімізде 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер 8,9 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Кәсіпорындардан түскен салық түсімдерінің көлемі 385 миллиард теңгені құрады, – деді өз сөзінде «Даму» қорының Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар Әлмұханова.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері облыстағы «Даму» қоры қолдау білдіріп, кепілдендірілген несие ұсынған үш кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Оның алғашқысы «Mega intellectual» серіктестігі. Бұл бастауыш білім берумен айналысатын орталық. 2015 жылы Көкшетау қаласында ментальды арифметика және робототехника саласындағы дамыту орталығы ашылған болатын.  Орталықтың табысты жұмысының арқасында 2020 жылы Mega intellectual school жекеменшік бастауыш мектебі ашылды.  Қазіргі уақытта мұнда қосымша білім берудің де бірнеше бағыттары бар.

–Жеке бастауыш мектебіміздің ғимаратын сатып алу үшін бізге Сбербанк пен «Даму» қоры қолдау көрсетті. Жеңілдетілген несие алдық. Содан кейін қор бізді субсидиялады. 2022 жылы оқу ғимаратын қайта жөндеуге, біраз құрал-жабдықтар сатып алуға «Нұрбанктен» тағы да несие алдық. «Даму» Қоры бізге «Бизнестің жол картасы» аясында да қолдау көрсетті. Мектебімізде 23 педагог жұмыс істейді. Барлығының еңбек өтілі мол, жоғары, бірінші санатты мұғалімдер. Биыл мектебімізде алғаш рет қазақ сыныбын аштық. Балалардың жақсы білім алуына барлық жағдай жасалынған. Оқу бөлмелері кең, жарық, таза, – деді өз сөзінде аталмыш бастауыш мектебінің директоры Ренат Едрісов.

Екінші кәсіпорын –«Каз Прицеп» ЖШС 4 жылдан бері тіркемелер мен жартылай тіркемелерді шығарумен айналысады. Кәсіпорын автомобильдерге арналған тіркемелер мен коммерциялық жылжымалы фургон-трейлерлерді шығарады. 2024 жылдан бастап компания 10 тонналық жүк көліктеріне арналған тіркемелер мен жүк көліктеріне арналған кузовтар шығаруды қолға алды.Кәсіпорын «ForteBank» АҚ арқылы «Даму» қорынан субсидияланған пайыздық мөлшерлемемен несие алды. Жеңілдікті қаржыландыру өндіріске арналған үй-жайлар мен жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік берді.

–Тұтынушылардың тарапынан тіркемелерге сұраныс жоғары болғандықтан, біз оларды бұрын Ресейден тасымалдағанбыз. Жұмысты «Қаз Прицеп» компаниясының жеңіл тіркемелерінен бастадық. Өйткені, бұл жоғары сұранысқа ие өнім. Оң нәтижелер болды. Оған қоса, «Даму» қоры бізді қаржыландырды. Осы факторлардың барлығы қосыла келе, жүк тіркемелерін шығаратын цехты аштық, – дейді серіктестік директоры Рамис Юзликаев.

Ал, журналистер атбасын бұрған үшінші кәсіпорын «Зерен-Нұр» шипажай кешені. Өзі аттас көлдің жағасындағы орманды алқапта орналасқан.  Кешен жатақхана ғимараты мен емдеу орталығынан тұрады. Кешеннің заманауи диагностикалық және емдеу базасы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, тірек-қимыл аппараты, ас қорыту, қан айналымы, эндокриндік және жүйке жүйелерінің кең ауқымды ауруларын емдеуге және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Компания емдеу-профилактикалық ғимарат салу үшін «Даму» қорынан субсидияланған пайыздық мөлшерлемемен «Jusan Bank» АҚ-ы арқылы несие алды.

–«Даму» қорымен бірлесе 4 қабатты жаңа медициналық ғимарат салдық. Бірінші қабатта мейрамхана, екінші қабатта медициналық корпус. Ал, үшінші және төртінші қабатта келушілерге  арналған бөлмелер бар. Біз «Даму» қорынан жаңа корпус салу үшін несие алдық. Жаңа ғимараттың ішін жиһазбен, тұрмыстық техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Демалушыларға барлық жағдай жасалған. Емдеу шараларының түр-түрі бар, – дейді «Зерен-Нұр» шипажай-сауықтыру кешенінің директоры Талас Нұрпейісов.

Сөз соңында, Гүлнәр Әлмұханованың айтуынша, өтініш беру сұлбасыөтеқарапайым екен. Істі бастау үшін кәсіпкер банкке бизнес-жобаменжүгінеді. Банк жобаның қаржылық-экономикалықтиімділігінебағалаужүргізеді.Банктіңоңшешімі болған жағдайда кәсіпкержобаны іске асыруорны бойынша «Даму» қорының өңірлікфилиалынажүгінедінебағдарламағақатысуүшінэлектрондықтүрдеөтінім бере алады. Қор тарапынанжобаны мақұлдаукезіндекәсіпкер, Банк және «Даму» қоры арасында үш жақты субсидиялау шарты және кепілдік беру шарты жасалады. Микро, шағын жәнеортабизнесүшінмемлекеттікқолдаубизнес-процестерді автоматтандыру есебінен барынша қолжетімді, ыңғайлыжәне жылдам. Egovэлектрондық үкіметпорталы арқылықолдау бағдарламаларына қатысуға өтінімдер беруге мүмкіндік туғызылды. Online.Damu.kz өз платформасы іске қосылды. Мұнда кәсіпкер ЭЦҚ арқылы субсидиялауғанемесекепілдік беруге өтінім береді. Сондай-ақ,сайттаdoculite.kz электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы онлайн қол қойылған субсидиялау шарттарымен кепілдіктерге қол қою рәсімі цифрландырылды. Енді кәсіпкерлерге аудандардан өтініш жасау және шарттарға қол қою үшін облыс орталығына келудің қажеті жоқ. Электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар