Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жібек жолы ауылына табиғи газ келді - АРҚА АЖАРЫ

Жібек жолы ауылына табиғи газ келді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мемлекет басшысының елді мекендерді газдандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жібек жолы ауылына табиғи газ берілуіне арналған салтанатты рәсімге қатысып, елді мекен тұрғындарын осы бір қуаныштарымен құттықтады.

Өңірімізде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Жібек жолы ауылындағы газ құбырының ұзындығы – шамамен 250 шақырым. Ірі елді мекенді газдандыру осы жылдың соңына дейін 2000-нан астам ауланы газбен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Ал, жалпы қамту 6000-ға жуық үй иесін құрайды.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған басты міндеті – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Бүгінде ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз еттік. Бұл біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Осы жылы өңірде 125 мың адамды қамти отырып, елді мекендерді газдандыру бойынша 12 жоба іске асырылуда, – деп атап өтті салтанатты рәсімде облыс әкімі.

– Газға қосылу – бұл тұрғындар үшін тұрмыстық жағдайды жақсарту ғана емес, елді мекендерді орнықты дамытуға жасалған маңызды қадам. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы үнемі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің әр өңірінде өмір сүру сапасын арттыру үшін жұмыс істейді, – деп атап өтті Санжар Жаркешов.

Табиғи газға қосылған ауылдағы алғашқы тұрғындардың бірі Оразовтар отбасы болды.

– Бұл біздің отбасымыз үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Бес немереміз бізбен бірге тұрады және біз олардың өмірін жайлы етуге тырысамыз, – деп атап өтті отағасы Есіркепбай Оразов.

Бұдан басқа, Аршалы ауданында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына газ жабдықтарын қосу және орнату шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Көмек мөлшері нақты шығындарға байланысты 100 АЕК-ке (369 200 теңге) дейінгі соманы құрайды. Бұл қаражатты аудан аумағында тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үй иелері ала алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ауыл әкімдігінде сервистік орталық ашылған. Онда тұрғындар газ қосуға, тұрғын үйді рәсімдеуге және әлеуметтік көмек алуға қажетті барлық көмек түрлерін ала алады. Оған қоса мұнда халық саны туралы деректерді өзектендіру және газдандыру шығындарын нақты есептеу үшін тіркеу шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылы облыста магистральдік газ құбыры трассасының бойында орналасқан 16 елді мекен газдандырылды. Жобаны іске асыруға 8,9 миллиард теңге бөлінген. Алдағы уақытта Целиноград ауданын да газдандыру жұмыстары жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар