Көшпелі заң керуені көмек берді

«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Көшпелі заң көмегі керуені» ауыл тұрғындарына заңгерлік қолдау мен кеңес беруге бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асуда.

Жоба заңгерлері Ақмола облысы ауылдары тұрғындарымен кездесті. Заңгер Серікбол Қайратұлы «Азаматтардың түрлі сауалдары бар. Біреу азаматтық, біреу қылмыстық іс бойынша ақылдасқысы келеді. Біреу – тұрғын үй заңнамасы бойынша, біреу – еңбек, банк, жер, салық бойынша. Біреулерді отбасы мен неке мәселелері қызықтырады, басқалары мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, айыппұлдар, несие беру, кибербуллинг және т.б. Көбінесе адамдар құқықтық жанжал туындаған жағдайда өзін қалай қорғау керектігін, неден бастау керектігін білмейді және бұл жерде «Көшпелі заң көмегі керуен» өте тиімді болды» дейді.

Жобаның міндеті ауылдық жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.

Сағат Жаналиев,
Жоба жетекшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар