Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ар. Рух. Муза – ұлы тұлғалар болмысы - АРҚА АЖАРЫ

Ар. Рух. Муза – ұлы тұлғалар болмысы

Жуырда Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «АР. РУХ. МУЗА.» монодрамасының премьерасы өтті. Абай қазақтың ары, Махамбет өр рухы, Мұқағали мөлдір махаббатқа малынған музасы.

Алаштың осы ұлыларын тану – бүгінгі ұрпақтың ұлтын білуі һәм өзінің әдебиетіментанысуы. Үш алыптың бір-біріне  ұқсамайтын дара болмысы мен теңіздей терең ойлары ұштасқан монодрама адам жанына рухани нәр береді.

Қойылым осы театрға, жалпы, өнерсүйер қауымға есімі белгілі танымал режиссер, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымовтың режиссерлігімен сахналанды. Қуандық Құлмамырұлы бұған дейін театр ұжымымен бірқатар сәтті жұмыстар істесе, биылғы жылы екі қойылым дайындаған. Ал, аталған қойылым барысында заманының заңғарлары Абай Құнанбайұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Мұқағали Мақатаевтың жалынды жырлары, толғамды ойлары арқылы шығармашылық белестері, өкінішті, қуанышты сәттері суреттеледі. Шын мәнінде бұл тұлғалар қазақ тарихында ойып тұрып орын алған ұлылар. Олардың бет-бейнесін, мінез-құлық, көңіл-күйін өз деңгейінде образды бейнелеу актер үшін асқан шеберлікті, тәжірибені талап етері сөзсіз. Бұл ретте, хакім Абай рөлін театр актер3, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қайрат Мырзаболатов, Махамбеттің өршіл бейнесін Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, театр актері Ержан Әубәкіров сомдаса, Мұқағалидың жан сезімін театр басшысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жарас Қалдаров жақсы көрсете білді.

Сондай-ақ, киім үлгісімен музыкалық көркемдеуде декейіпкерлер сәйкестігі бұзылмаған. Мысалы, ар ұғымындағы Абайға шымқай ақ түсті киімдер кигізіп, сахнада өзінің және өзгеде әндердің мелодиялық баяу музыкаларымен көрсетеді. Ал, Махамбет – рух. Оған батыр болмыс пен жауынгерлік киім тән. Көңілді серпілтетін немесе айналасындағылар жауыздығын, шерлі өлімін, ауыр тағдырын елестететін рухты музыкалық иірімдер сай. Бұл ерешеліктер де қойылымнан аңғарылды. Соңғы кейіпкер Мұқағалидың сахналық бейнесі сезім қылын шертер мұңлы әуенмен басталады. Үстіндегі көне тоз жеңсіз қоңыр шапаны, денесіне кең келген ақ жейде, қара шалбары – ақынның қарапайым болмысы іспеттес. Тірі күнде құрмет көрмей, пендеден мейірім күтіп, баз кешкен аяулы ақынның өмір жолы да шиырлы еді ғой. Бірде шалқып, бірде мұңайып, тағат таппайтын Мұқаңның көңіл-күйі, жақсы іске сүйініп, қоғам мен адамнан көрген әділетсіздікке күйінген кездері, бәрі-бәрі тұрақсыз эмоция. Оның арындап өлең оқитын арынды даусы да актерге ауыр жүк. Өз кезегінде рөлді ойнаушы актер бұл образдарды меңгеріп, жұртшылыққа ұсына білді десек, қателеспеген боламыз. Оған қоса, айта кетерлігі, әр кейіпкердің кемінде 30 минут айтатын мәтіндері бар. Олардың барлығын жаңылмай,образбен орындап шығуда таланттың бір қыры.

Сонымен, таласты тағдырға, әлекті әлемге ақын көзімен қарау, ол әділетсіздікті даттау, әділдікті жақтау. Ұлы Абайды алсақ, ұлтын білім-ғылымға сүйреп, философиялық ілімге толы өлең мен қара сөздерін қалдырды. Топас болыс, шенділерден ел-жұртын, ағайынын қорғап, кедейдің жақтаушысы болды. Бұл ойшылдың әділдік үшін күресуінің көрінісі. Яғни, ардың ісі.Махамбетше? Қара орман халқының еркіндігі үшін, патшаменде, ханменде алысты. Сол жолда қара басынан айырылып, ажал құшты. Оның батыл әрекеттері мен ерлік жырлары рухтың символы. Мұң жамылып өткен Мұқағалидың отты жырлары талай жүректің төрінен орын алып, поэзияға деген құштарлығын оятты. Мөлдір сезіммен мыңдаған жүрекке іңкәрлік пен тазалықты, ғашықтықты, махаббатты ұялатты. Муза ұғымының қолданылу мәні де осы емес пе?!

Үш тұлғаның өмір сүру кезеңі, жолдары әр түрлі болғанымен, оларды біріктіретін бір ұғым, ол ақындық дейтін қасиетті өнер. Көрсетілген қойылымда осы бір сәйкестікті ашуды, ақындардың артында қалған өшпес мұрасын қайта бір жандандырып, сахна сырымен көрсету мақсат тұтылады. Ар – ақыл, рух – мінез, муза – жүрек. Нұрлы ақылды, ыстық қайратты, жылы жүректі жақыннан сезіндірген қойылымнан осындай пікір, түйінмен оралдық. Жалпы алғанда, монодрама көрермен көңілінен шықты. Әдеттегідей, өнер сүйер қауым театрұжымына алғысын қошеметімен білдіріп жатты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар