Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Купчановка ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Бұл Ақмола облысындағы ең ірі орталық. Бүгінде онда мүгедектігі бар 482 қызмет алушы тұрады.
Әлеуметтік мекеме көрікті жерде орналасқан және психоневрологиялық аурулары бар адамдардың тұруы мен оңалтылуына барлық жағдай жасалған берік материалдық-техникалық базасы бар. Бұған Макинск қаласындағы көшпелі отырыс қарсаңында орталыққа келген Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары да көз жеткізді.
Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов, Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы Нұрбек Сексенов, депутаттар Құралай Жұмабекова, Марат Алтыбаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрайымы Раушан Қожабай орталықтың үй-жайларын аралап, қызметкерлермен және қызмет алушылармен әңгімелесті.
Орталық директоры Азамат Жәмбеталин арнайы мекеме жұмысының ерекшеліктері туралы айтып, қызмет алушылардың қандай жағдайда тұратынын көрсетіп, өзекті мәселелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол биыл нығайтуға және кеңейтуге тура келген жаяу жүргіншілер көпірінің қандай күйде екенін көрсетті. Көктемгі су тасқыны кезінде негізгі жолды су шайып кеткендіктен, мекеме сыртқы әлемнен он күнге жуық тыс қалған, сол кезде азық-түлік пен басқа да қажетті тауарлар орталыққа осы көпір арқылы жаяу жеткізілген болатын. Орталыққа апаратын негізгі жолды да жөндеу қажет екенін байыптаған депутаттар орталық басшылығыайтқан барлық мәселелерді талқылап, зерделейтін болады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.