Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының құқығы үш жақтан қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының құқығы үш жақтан қорғалады

«Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Ақмола облыстық өкілдігі, «Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар қоғамы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірде әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшылардың құқықтарын қорғау мақсатында үшжақты меморандумға қол қойды.

Бұл құжатта әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу, қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары көзделген.

– «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері ұйымның құрылған сәтінен бастап көпшіліктің назарын еңбек етіп жүрген жұмысшылардың проблемаларына аудару үшін мемлекеттік органдармен қоғамдық диалог пен ынтымақтастықта қызмет етіп жүр. Қорды құрудағы негізгі міндет – еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнату, басқа бейінді үкіметтік емес ұйымдармен және кәсіподақтармен әріптестік қатынаста жұмыс істеу, – деп атап өтті аталмыш қордың облыстық өкілдігінің төрағасы Бақыт Смағұл.

«Ақмола облысының Кәсіподақ орталығының» төрағасы «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорымен ынтымақтастықтың арқасында еңбеккерлердің мүдделерін қорғау тиімдірек болатынына сенім білдірді.

– Келесі 2025 жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Қоғамның бұлай бет бұруы – еңбек қатынастары саласындағы проблемаларды, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмысшылардың бірінші кезектегі қажеттіліктерін уақытылы шешіп, жұмыс берушілер тарапынан әділ көзқарастың орын алуына мүмкіндік береді. Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істегендіктен, біз біраз жұмыс берушілердің өз қарамағындағы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға ықыластары жоқ екенін көріп жүреміз.  Жұмысқа барған әрбір адам ауысым соңында үйге аман-есен оралатынына сенімді болуы керек. Еңбекақының төмендігі, жалақының кешігуі және тағы басқа көптеген мәселелер бар, – деді Қали Рахметов.

Кәсіподақтар мен мемлекеттік органдардың «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына сенім артуы бекер емес. Оны елдің барлық аймақтарының белсенді күштері құрған. Оның құрамында өндірістік кәсіпорын жұмысшылары, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер, түрлі ҮЕҰ өкілдері кірген. Олар өз күштерін, тәжірибесі мен мүмкіндіктерін Қазақстанда өмір сүру деңгейінің жақсарғанын нақты сезінуіне ықпал етуге жұмсамақшы. Еңбек саласы, әрине, бұл мәселеде маңызды рөл атқарады.

Меморандум негізінде тараптардың өзара қарым-қатынасы ақпарат алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу, сараптамалық және мониторингтік топтар құру, заңгерлік және консультациялық көмек көрсету, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек дауларын болғызбау жөніндегі бірлескен шараларды жоспарлау және іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

– Үшжақты құжатқа қол қою біз үшін маңызды рөл атқарады, – деді бұл ретте, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Смайылов.

– Біз қызметкерлердің заңды мүдделерін бұзу бойынша жылдам ақпаратпеналмасуға мүмкіндік аламыз. Бұл еңбек қатынастарына қатысты кез келген заң бұзушылықтарды жедел жоюдың қосымша мүмкіндігі. Біздің еңбек инспекторларымыз мониторинг жүргізу, ҚР Еңбек кодексінің нормасын түсіндіру, даулы жағдайларды шешу үшін сарапшылар ретінде шақырылып тұрады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар