Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа зауыт салу жөнінде ірі келісімге қол қойылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа зауыт салу жөнінде ірі келісімге қол қойылды

Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелінде (KGIR-2024) Ақмола облысының әкімдігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Dalian Hesheng Holding Group Co., Ltd. компаниясы арасында ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.

Келісім аясында өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру – Аршалы ауданының «Aqmola» индустриалды аймағында астықты терең өңдеу зауытын салу қарастырылған.

Құны шамамен 650 миллиард АҚШ долларын құрайтын бұл жоба 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашады және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болады. Кәсіпорын жоғары қосылған құнға ие өнімдерді және басқа да өнімдерді шығарып, оларды Еуропаға, араб елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азияға экспорттауды жоспарлап отыр.

Dalian Hesheng Holding Group Co., Ltd. – ауыл шаруашылығында, инфрақұрылымдық инвестициялар мен құрылыста маманданған қытайлық жетекші компания. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және тұрақты инновациялық шешімдер саласында озық технологияларға ие бола отырып, халықаралық жобаларда сенімді серіктес ретінде танымал.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, осы меморандумға қол қою халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық саладағы экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

– Бұл құжат ынтымақтастық көкжиегін кеңейтеді және еліміздің жетекші аграрлық өңірі ретіндегі позициямызды күшейтеді. Қол қойылған меморандум – Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен жоғары дәрежелі экспорттық өнім болып табылатын астықты терең өңдеу зауытын салу бойынша ірі жобаны іске асырудың бастамасы. Бұл жоба сондай-ақ, 1 миллион тоннадан астам астықты нарықтық бағамен сатып алуға мүмкіндік беретіндіктен, ақмолалық аграршылар үшін де тиімді, – деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Жобаны жүзеге асыру Ақмола облысының әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, экспорт көлемін ұлғайтуға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторында жаңа бағыттардың дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар