Тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында Ақкөл аудандық әкімдігі көп балалы отбасылар үшін 16 пәтер сатып алды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде көп балалыаналарға осы пәтер кілттерін табыс етті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Пәтерлерді сатып алу кезінде жайлылық пен инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Ақкөл ауданында бұл тұрғындарға жаңа тетік негізінде беріліп жатқан алғашқы үйлер. Әрбір абаттандырылған үйдің ауданы 81 шаршы метрді құрайды. Жалпы, облыс бойынша барлығы 2 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда, – деді өңір басшысы.
Көп балалы аналардың кейбіреулері баспана алуды 10 жылдан астам күтті. 4 баланың анасы Күләш Шаймерденованың отбасы да жаңа үй алып, қуанышқа бөленді.
– Бұлбіздің отбасымыз үшін өте қуанышты оқиға. Біз мемлекетке қолдау көрсеткені және өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз, – деді осы орайда, көп балалы ана.
Жыл соңына дейін аудан орталығында тағы 18 екі пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл 36 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеді және аудандағы тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақкөлауданы.