Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Партиялық бақылау пәрменді ! - АРҚА АЖАРЫ

Партиялық бақылау пәрменді !

Ақмола облысында студенттерді заманауи жатақханамен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Себебі ауыл аймақтан қалаға келетін жастардың білім алуына жағдай жасау өзекті мәселе болып отыр.
«АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласындағы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын шешу мақсатында ағымдағы жылы Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждің 300 орындық жатақханасы пайдалануға берілді.


Сондай-ақ, жыл басында Жоғары қазақ педагогикалық колледжінде де жаңа студенттер үйі пайдалануға беріліп, алғашқы тұрғындарын қабылдады. Егер бұрын аталмыш оқу орны бірінші және екінші курс студенттерін ғана баспанамен қамтамасыз ете алса, енді барлық студенттер жатқханаға қол жеткізіп отыр.

Бюджет есебінен қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттеріне арналған екі жатақхананың құрылысы жүргізілуде.
Партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуын, сондай-ақ облыстағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын бақылайтын «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы аталған құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысып қайтты.
Жоғары техникалық қызмет көрсету колледжінің студенттеріне арналған екінші жатақхананың құрылысы аяқталуға жақын. Ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер компанияның айтуынша Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі жатақханасының құрылысы да кестеге сай жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжі мен университет. Ш.Уәлиханов өз қаражаты есебінен студенттеріне жатақхана салуды бастап кетті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар