Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшенің туын көтерген алқалы талай додада - АРҚА АЖАРЫ

Көкшенің туын көтерген алқалы талай додада

Мұса Асайынов – 95

Көкшетау – жер жәннаты, әйгілі сал-серілер бесігі, ақындар елі. Қазақ сал-серілігінің символы болған әйгілі Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ  осы өңірден шыққаны белгілі.

Осы бір айтулы тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынған «Көкшенің асыл перзенттері» жобасы аясында атасы Үкілі Ыбырай әндерін насихаттап, бар бояуымен бүгінгі күнге жетуіне зор үлес қосқан өнер иесі, ақын, әнші, сазгер, айтыс ақыны Мұса Асайыновтың 95 жасқа толуына орай, «Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханада «Ән мен жырдың сөз зергері» атты әдеби кеш өтті. Шараның қадірлі қонағы ретінде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов шақырылды және кешке Көкшетау қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың өмір және шығармашылық жолына шолу жасалғаннан кейін сөз кезегі әнші Сәрсенбай Хасеновке берілді. Шара қонағы дәстүрлі әнші, айтыскер ақын Мұса Мырзағұлұлы туралы әңгіме өрбіте келе, Үкілі Ыбырайдың әндерін орындап берді.   

Осы ретте, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мұса Асайыновтың өмірбаянына аз-кем тоқтала кетсек, ол 1929 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Володар ауданының Өскен ауылында дүниеге келген. Қазір бұл елді мекен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Үкілі Ыбырай ауылы деп аталады.  Мұса атамыз Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Айтыс өнерін, халық әндерінің орындалу мәнерін насихаттаушы.

Көкшетауда Мұса Асайынов жергілікті өнерпаздардан көркемөнерпаздар үйірмесін құрады. Осы өнерпаздар тобы кейін бұрынғы Ленин атындағы, қазіргі «Көкшетау» мәдениет сарайы салынған кезде жеке ансамбльге айналады. Бұл ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған Мұса Асайынов өнер ұжымымен бірге көптеген өңірлерге гастрольдік сапармен барып, өнерлерін ортаға салады. Осы ансамбльде әр кезеңде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева, Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеев, белгілі әнші-сазгер, ақын Кәрім Ілиясов өнер көрсеткен екен. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі бола жүріп, Мұса Асайынов музыка зерттеуші, актер, сценарий жазуды қоса атқарады, қала, облыс атынан түрлі айтыстарға қатысады, республикалық айтыста топ жарып, ел сүйіспеншілігіне бөленеді.  Осындай елеулі еңбегі үшін оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері деген атақ беріледі. Қазақстанның 50 жылдығы, Ж.Жабаевтың 125 жылдығына арналған айтыстарда Е.Әлібаев, Б.Тісенбаевамен болған айтыстары «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» кітаптарына енген.

Көрнекті өнер саңылағы туралы осындай деректермен айшықталған шара соңында оқушылар ақынның өлеңдер жинақтарымен танысып, жырларын оқыды.  

Алтын ІЛИЯСОВА,
 «Достар»  мәдениет сарайының жанындағы
Көкшетау қалалық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар