Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тәртібіндегі өзгерістер - АРҚА АЖАРЫ

Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тәртібіндегі өзгерістер

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін бекіту құзыреті көзделген.

Тізбе әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан алып тасталған орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 19 нормативтік-құқықтық актілерінің атауын көздейді.

Заңды іске асыру үшін «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы №837 бұйрығы қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар, студенттерді, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысын бекіту, бөлу және орналастыру бойынша, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы нормативтік-құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататындар қатарынан шығарылды.

Бұл нормалар мемлекеттік органдармен нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау рәсімін оңайлатуға ықпал етеді және оларды іске асыруға жылдамдатады, сондай-ақ, жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешуге бағытталған.

Гаухар ОРАЗАЛИНОВА,
Ақмола облысы әділет департаментінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар