Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін адал пайдаланушыларға беру үшін мемлекет меншігіне қайтару тапсырылған болатын.
Ерейментау ауданының прокуратурасы осындай пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шараларын тұрақты түрде қолға алып келеді. Ағымдағы жылы қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 150 миллион теңгені құрайтын, жалпы ауданы 15 мың гектар, үш жылдан астам өз мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды.
Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 миллион теңге 59,2 мың гектар 8 жер телімін қайтарып алу бойынша азаматтық істер сотта қаралуда.
***
Атбасар аудандық прокуратурасы «Атбасар су» ШЖҚ МКК-ның қызметінде «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса…» тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген. Қадағалау актісінің нәтижесі бойынша бюджеттік ұйымдар үшін ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңге/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал, заңды тұлғалар үшін 8 007,42-ден 6 557-ге дейін төмендетілді.
Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.
Ақмола облысының прокуратурасы.