Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Родина» агрофирмасының озық тәжірибесі республика көлемінде таратылады - АРҚА АЖАРЫ

«Родина» агрофирмасының озық тәжірибесі республика көлемінде таратылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.

Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты.

Вице-министр өз сөзінде атап өткеніндей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды буынына айналуда.

–«Родина» Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, – деді жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Б.Омарбеков.

Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобалар туралы айтып беріп, бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін нақты мысалдармен аша түсті.

Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына мемлекеттік қолдаудың салықтық преференциялар сияқты перспективалық бағыттары ұсынылды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша оған қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату жөніндегі Жол картасына енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар