Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сандардың астарында халықтың мүддесі мен сұранысы тұр - АРҚА АЖАРЫ

Сандардың астарында халықтың мүддесі мен сұранысы тұр

Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарады.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов қатысты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев атап өткеніндей, үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын жан-жақты зерделеу және келіп түскен бюджеттік өтінімдерге талдау жүргізу депутаттық корпус жұмысының өте маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені, алдағы үш жылда бюджет қандай болатынына облыстың әрбір тұрғынының әл-ауқаты әсер етеді. Бүгінгі таңда мәслихат депутаттары экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолдаған сайлаушылардың барлық сауалдары жинақталып, талданды. Мәселен, 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасына 425 миллиард теңгенің 715 жобасы келіп түсті. Салыстыру үшін өткен жылы 289 миллиард теңгеге 518 ұсыныс түскен болатын.

– Келесі жылы барлық бірдей жобалар қаржыландырылмайтыны анық. Сондықтан, бүгін және ертең экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия басқа комиссиялардың депутаттарының  қатысуымен 2025 жылға арналған облыстық бюджет жобасын бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде қарайтын болады, – деді Марат Қойшыбаев. –Жуырда алты салалық басқарманың басшылары қаржыландыруға өз жобаларын ұсынған болатын. Олар ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, денсаулық сақтау және туризм басқармалары. Бұл облыс бюджетінің  ең көп бөлігін құрайтын ведомстволар.

Сондай-ақ, бюджетті егжей-тегжейлі талдау барысында депутаттар өңірлік жобаларға және халықтың сұраныстарына назар аударды. Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақова атап өткеніндей, бірінші кезекте өткен жылдары басталған жобалар қаржыландырылатын болады. Содан кейін ғана жаңа жобаларды  жариялауға болады. Оған қоса, күн тәртібінде «Ауыл – ел бесігі», «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», тағы басқа да ұлттық бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделген жобалар қаралды. Айта кетейік, алдағы күндері тағы он басқарма мен департамент бюджеттік өтінімдердің жобаларын ұсынатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар