Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапалы ауыз суға қолдары жетеді - АРҚА АЖАРЫ

Сапалы ауыз суға қолдары жетеді

Ауыз сумен жабдықтау инфрақұрылымын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданның алты елді мекенінде сумен жабдықтау желілерін салу және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобалар Егемен, Гуляй поле, Бозайғыр, Ключи, Жолымбет  және Шортанды елді мекендерін қамтиды.

– Ауыз судың сапасы азаматтарымыздың денсаулығы мен тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан, біз аудан тұрғындарын жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге бар күшімізді салуға тиіспіз. Осыған байланысты өткен кезеңде ұңғымаларды бұрғылау, су мұнарасын, сондай-ақ, құдықтарды монтаждау,  таза су резервуарларын бетондау бойынша жұмыстар атқарылды. Қалған жұмыстар да қазір басты назарымызда, – дейді аудан әкімінің орынбасары А.Махфуз.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында су сапасын үнемі тексеріп отыру және халықты суды үнемдей білуге үндеу жағы да көзделген.

Жобаны іске асыру өңірдің экологиялық жағдайына да айтарлықтай деңгейде оң әсер етіп, жергілікті инфрақұрылымды одан әрі дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады деп күтілуде

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар