Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдағы жылдар болжамы тұрақты дамудан үміттендіреді - АРҚА АЖАРЫ

Алдағы жылдар болжамы тұрақты дамудан үміттендіреді

Ақмола облысында жеткілікті шикізат пен өндірістік базасы бар салалар одан әрі дамитын болады. Олар – тау-кен металлургия кешені, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, тамақ өндірісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы өткен брифингте Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Болатбаева айтып жеткізді.

– Индустриялық дамудың негізгі шаралары: өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, жергілікті азық-түлік өнімдерін өткізу үшін жағдай жасау, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту және машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерін игеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, инвестициялық жобаларды қолдау екені белгілі.  Ауыл шаруашылығындағы динамика 140 пайызбен болжануда. 2029 жылға қарай 980,4 миллиард теңгеге немесе 1,7 есеге өсу күтілуде. Сонымен қатар, бүгінгі күні дәнді дақылдарды жинау жұмыстарының аяқталғанын ескерсек, ауыл шаруашылығының өнімі 147,8 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл көрсеткішке рекордтық 6,6 миллион тонна астық жинау игі әсер етті. Әлемдік нарықтағы бидайға деген сұранысты ескере отырып, болжамды кезеңде ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі – астық өндірісі сақталады. Ылғал үнемдеу технологияларын белсенді қолдану, егіс алқабын кеңейту арқылы өнім көлемін арттыру қамтамасыз етіледі. Тұтастай алғанда, қазіргі заманғы егіншілік технологияларын енгізу, элиталық тұқым шаруашылығын дамыту және жалпы егіншілік мәдениетін арттыру есебінен өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайту жоспарлануда, – деді өз сөзінде басқарма басшысының орынбасары.

Аймақта ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 312 миллиард теңгені құраған. Көлік инфрақұрылымын дамытуда облыс және аудан орталықтарымен сапалы көлік қатынасын, автомобиль жолдарының қалыпты жағдайын қамтамасыз ету басым бағыт болып қала бермек. Жол желісінің жағдайын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру көлік қызметінің жыл сайын 2 пайыз деңгейінде өсуіне ықпал етеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат және байланыс қызметінің көлемі 19,6 миллиард теңге болған. «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 2027 жылға қарай  238 ауылдық елді мекендер талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарлануда. Байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Ауылдарда байланыс операторлары үшін 102 антенналық діңгек құрылымдарын салу жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру цифрлық теңсіздікті азайтуға және ауылдық жерлерде цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Интернетке қосылу жылдамдығы да сапаға ойысады, – деп атап өтті Гүлнар Атабайқызы.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыста жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы инвестиция көлемі 285,3 миллиард теңгені құрайтын он үш жоба бар. Оның сегізі іске асырылып, жұмыс істеп тұр. 2025-2026 жылдары жүз мыңнан астам тұрғыны бар жеті елді мекенді газдандыру жоспарланған.

–2019 жылдан бері мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі жүз пайызға жетті. Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту өткен жылдың қорытындысы бойынша 92,3 пайызды құрады. 2027 жылы қамтуды тоқсан тоғыз пайызға жеткізу көзделіп отыр. Орта білім беру саласында мектептердегі оқушылар санын жылына орта есеппен үш мың адамға дейін арттыру үрдісі жалғасуда. Шағын жинақты мектептер саны әлі де азая бермек. Қазіргі таңда 510 мектепте немесе облыстағы барлық мектептердің 96 пайызында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізуді қаржыландыру көлемі ұлғайтылады. Ақмола облысында білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жол картасында 55-тен астам білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған», – деп Гүлнар Болатбаева, – білім саласында атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жалғасады. Жыл сайын еңбек нарығының қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылады және орналастырылады. Оның ішінде жастарға алғашқы жұмыс біліктілігін беру үшін нысаналы мемлекеттік тапсырыс аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 2 мыңға жуық мектеп түлегі оқуға қабылданады. Бұл да жұмысшы мамандар санының артуына ықпал етер шаралардың бірі.

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Ақмола облысында 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарлануда. Олар 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 фельдшерлік амбулатория және 3 фельдшерлік пункт. Бүгінгі таңда тиісті бөлімшелерді ашу және медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта, 2 аурухана осындай көпсалалы орталық аудандық ауруханаға айналдырылуда. Олардың бірі 159 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы. Жақын маңдағы Ақкөл, Бұланды, Шортанды, Біржан сал сияқты 4 аудан мен Степногорск қаласын қамтиды. Екіншісі 113 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсететін Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы. Оған жақын маңдағы Сандықтау, Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандары тартылады, – деп түйіндеді өз сөзін Гүлнар Болатбаева.

Осы айтылғанды қорытындылай келе, аймақ экономикасын одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін облысымызда барлық қажетті шаралар қабылданып жатқандығын атап өткен жөн.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар