Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар құқығын бірлесіп қорғайды - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар құқығын бірлесіп қорғайды

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында  «Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Ақмола облысы өкілдігі мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Аталған шараға қоғамдық қордың өңір бойынша өкілдігінің төрағасы Бақыт Смағұл, департамент басшысы Ерлан Әубәкіров және  екі тараптың өкілдері мен журналистер қатысты.

–Қор өкілдігі мен департамент арасында жасалатын меморандумға сәйкес тараптар құқықтық мәдениет, заңды және жеке тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарын қалыптастыру мақсатында өзара ынтымақтаса отырып, бірлескен шаралар ұйымдастырады. Тараптардың  өзара қарым-қатынасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда саласы және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша жұмыс тобы мен бірлескен шараларды жоспарлау және жүзеге асыру жолымен жүргізіледі, – деді өз сөзінде меморандум туралы түсіндірген Ерлан Әубәкіров.

Сондай-ақ, өз кезегінде қор басшысы Бақыт Смағұл тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтті.

–Қазіргі уақытта жекеменшік ұйымдардың билік пен халық арасындағы дәнекер екені айдан анық. Бүгінде заң бұзушылық, адам құқығын бұзу мәселесі сауда саласында ең көп байқалуда. Тұтынушы мен саудагердің арасында түйткілді мәселе жиі туындайды. Осыған байланысты міне, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен ынтымақтастық мәмілеге қол жеткізіп жатырмыз. Өйткені, елдің тұрмысы – ортақ мүддеміз. Бірлесіп біраз жұмыстарды атқаруға болады. Кейбір қарапайым адамдар сауда саласындағы өз құқықтарын біле бермейді. Осы тұрғыда кеңесіп, құқық қорғау жұмыстарын, заңның сақталуын қадағалауда бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, – деді ол.

Осы ретте, облысымызда тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азық-түлік бағасы, өнімдер мен тауарлардың сапасын бақылау мақсатында «Сапалы өнім» жобасы іске асырылып жатқандығын еске саламыз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар