Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адамдардың заңды мүдделері бәрінен жоғары тұруы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Адамдардың заңды мүдделері бәрінен жоғары тұруы тиіс

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Сенатор Нұрлан Бекназаровтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған кеңес отырысына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.  

Қылмыстың алдын алу – азаматтардың қауіпсіздігі мен сенімінің негізі. Алдын алу шараларын қолдану қылмыс деңгейін төмендетуге ғана емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні адамдардың мүдделері мен қауіпсіздігі бірінші орында тұратын құқықтық ортаны құру бұрынғыдан да маңызды. «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа Заңды әзірлеу және қабылдау қылмыстың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаруы тиіс, – деп атап өтті Нұрлан Бекназаров.

Келелі кеңесте сөз сөйлеген Игорь Лепеха елдегі қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінің бірі ойын-сауық орындарының таңғы сағат 5-6-ға дейін жұмыс істейтіндігінен туындайтынын атап өтті. Мәселен, жыл басынан бері осындай ойын-сауық орындарында екі мыңға жуық қылмыс, оның ішінде ауыр қылмыстар, бұзақылық, тонау және тағы басқа қылмыс түрлері орын алған. Ішкі істер министрлігі мұндай мекемелердің жұмыс уақытын және алкогольді сатуды шектейтін түзетулер әзірледі. Ерекше екпін түсіре атап өтерлік тағы бір дерек, елімізде алкогольдік ішімдіктер мүлдем сатылмайтын 149 ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.    – Ауылдық елді мекендерде шешілмеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге байланысты тұрғындар жолдарды жауып тастайтын тәжірибе жиі кездеседі. Жергілікті атқарушы органдар мұндай мәселелерді уақтылы шеше алар еді, – деп атап өтті Игорь Владимирович. – Сондай-ақ, қазір полиция автокөліктерін ғана емес, жедел жәрдем, қоғамдық көліктерді де құқық бұзушылықтарды тіркеудің автоматты құралдарымен жабдықтау мәселесі қарастырылуда.

Кеңесте Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев сөз сөйлеп, ақмолалықтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы тарқатып айтып берді.

– Соңғы үш жылда облыста қылмыс саны 25 пайыздан астам көрсеткішке қысқарып, оның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бопсалау, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы 50 пайыздан астамға қысқарып отыр. Соңғы екі жылда қылмыстық желілерді тергеу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу көрсеткіші алты есеге азайды, – деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығы. Сонымен қатар, департамент бастығы құқықтық тәртіпті сақтауға полицияның 215 қоғамдық көмекшісі белсенді қатысатынын, халықпен кері байланыс үшін 400-ден астам чат құрылғанын да айтты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Зиялы қауым» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Оған аймақтың белді азаматтары, ақсақалдар кеңесі, ауылдық жерлердегі негізгі жұмыс берушілер болып табылатын кәсіпорындардың басшылары тартылып отыр. Мысалы, Сандықтау ауданының Максимовка ауылындағы жергілікті қоғамдастық сервистік полиция құру кезінде оң тәжірибе алу челленджін іске қосты.

Ал, Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкеновтың айтуынша, бүгінде есірткі айналымы мен интернет-алаяқтыққа байланысты істер өзекті мәселенің біріне айналған. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында облыс соттары 50-ден астам көрсету үдерісін жүргізді, ал үкімдерді жария етуге оқу орындарының еңбек ұжымдары мен студенттері шақырылуда. Тағы бір өзекті мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық. Мәселенің алдын алу үшін оқу орындарының оқушылары мен студенттері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Интернет-алаяқтықпен байланысты талаптардың ұлғаю үрдісі байқалады. Егер екі жыл бұрын дропперлерге қатысты 12 іс қаралса, биылғы жылы 123 іс қаралды. Мұндай қылмыс түріне көбінесе студенттер мен қаржылық қиындықтары бар болған адамдар тап болуда, олардың кейбіреулері қылмысқа қатысушы екендігін өздері де түсінбейді, – деп атап өтті Арман Жүкенов.

Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов өңірдегі интернет-алаяқтықтың көбейгені туралы айтты. Ол өз сөзінде облыс әкімінің қолдауымен өңір тұрғындарына заманауи технологиялар арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтты. Адамдарға интернет-алаяқтықтың жаңа әдістері туралы ақпарат берілуде.

–  Облыста қағаз жүзінде емес, нақты істерде азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оң өзгерістер байқалады, басқа өңірлерде де іске  асыруға болатын бірнеше жақсы перспективалық жобалар бар. Бұл жағына жергілікті атқарушы органдар толық көлемде материалдық-техникалық қолдау көрсетеді, – деп атап өтті облыс әкімі.

Сол күні аймақ басшысы 22 қызметтік автокөліктің кілттерін табыс етті. Сондай-ақ, делегация облыс орталығындағы ең үлкен  №2 учаскелік полиция пунктіне барып, ұжым тынысымен жақынырақ танысты. Өткен жылы мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір мекеме қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи бағдарламалық кешендермен жабдықталған, оның ішінде облыс орталығындағы тәртіпті бақылайтын 190 камера, ана мен бала бөлмесі, кәмелетке толмағандармен әңгімелесуге арналған кабинет бар. Қызметкерлер үшін де қажетті  барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ, мәртебелі қонақтар «Сарыарқа» шағын ауданында орналасқан ІТ мектеп-лицейінде болып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи құралдарының жұмысымен танысты.

Вероника БУРДА, Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар