Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау қаласының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкімінің 2024 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды.

Марат Ахметжанов жаңа әкімді облыс орталығының активіне таныстыра отырып, Әнуар Күмпекеевтің кәсіби қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттері бар тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Облыс әкімі қала әкімдігіне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға күш салу қажет екенін ерекше атап өтті. Алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары мен құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр. Бүгінгі таңда қала әкімі үшін басты міндет – жылыту маусымының үздіксіз өтуі және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Өңір басшысы қаладағы электрмен жабдықтау тапшылығы мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды уақытылы іске асыруды, сондай-ақ тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, биыл Көкшетау қаласы облыс орталығы ретінде ерекше назарға алынатыны айтылды.

«Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан Сізден тек жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы олардың барлығының тиімді болуы талап етіледі», – деді облыс әкімі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов Әнуар Күмпекеевке қала тұрғындарының игілігі үшін барлық тапсырмаларды табысты жүзеге асыруды жүктеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар