Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аграршылары түйткілді мәселелерді көтерді - АРҚА АЖАРЫ

Аграршылары түйткілді мәселелерді көтерді

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібінің салалық кеңесі барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері түйткілді мәселелерді көтерді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, салалық мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Жиында «Сандықтау» ЖШС директоры Жамұл Мұсханов жалдамалы маусымдық қызметкерлердің әлеуметтік аударымдарына қатысты сұрақ қойды. Бүгінде жұмыс берушілер МӘМС-қа қызметкер еңбекақысының 3 пайызын, жалдамалы қызметкерлер үшін 2 пайызын төлейтіні белгілі. Алайда, ауыл тұрғындары негізінен, ауыл шаруашылығымен айналысатын маусымдық жұмысшылар.

–Саланың маусымдылығын ескере отырып, жұмысшылар қысқы уақытта еңбекақыдан ұстаусыз демалысқа шығады. Осы кезеңде олар үшін МӘМС-қа аударымдар жүргізілмейді.  Бұл жайт өз кезегінде медициналық ұйымдар тарапынан қызмет көрсетуден бас тартуға әкеледі, – деп шағымданады аграршы.

Жиын барысында бұл сұрау салуды тиісті инстанцияларға жіберу туралы шешім қабылданды.

–Біз «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына ауыл тұрғындарының әлеуметтік есептеулерін саралауға қатысты заңнамаға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу туралы ұсыныс жібереміз, – деді бұл ретте, өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Хамзе» ШҚ басшысы Ержан Биекенов АҚП-ны қаржылық сауықтыру мәселесіне мүдделілік танытты. Мысалы, Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылында элеватор жұмыс істемейді, соған сәйкес астық қабылдау жүргізілмейді.

–Элеватордың жағдайы мүшкіл, кәсіпорын иелерінен кері байланыс жоқ. Сонымен қатар, элеватордың жұмысын жандандыруға жергілікті кәсіпкерлер қатарынан ниет білдірушілер бар, алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл мәселеде түсіністік пен қолдау байқалмайды, – деді фермер.

Элеваторлар тарапынан жосықсыз қызмет көрсету мәселесін «Кенесары Бидай» ЖШС директоры Қуанышбек Ибраев жалғастырды. Оның айтуынша, Бурабай ауданының аграршылары элеваторда астықты сақтауға тапсыру кезінде қиындықтарға тап болды, себебі, астықтың сапалық көрсеткіштерін төмендету фактілері бар, жергілікті жерлерде МЕМСТ стандарттары қолданылмайды, сол арқылы астық сапасы жасанды түрде төмендейді.

Алайда, фермерлерді толғандыратын негізгі мәселе – астықты сату. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері биыл астықты өткізу кезінде проблемаларға тап болды. Облыстың 6,6 миллион тоннадан астам астық жиналған рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан, көптеген аграршылар астықты сата алмай отыр. Себебі, элеваторлардағы қоймалардың астыққа толып кетуі.

–Бүгінгі таңда бұл ең өзекті мәселелердің бірі. Астық бар әрі сапалы, бірақ, элеваторлар өнімге толы. Аграршылар ағымдағы мән-жайларды түсінеді, Азық-түлік корпорациясына өнім беруге дайын. Алайда, қолданыстағы тетіктер астықты тікелей сатып алуды көздемейді. Сонымен қатар, шаруалардың несиелік міндеттемелері бар, – деп атап өтті Өңірлік кеңес төрағасы Қуаныш Рақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары барлық айтылған түйткілді мәселелерді жергілікті уәкілетті органдар назарға алатынын атап өтті.

–Біздің тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бірақ, бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірушілері Азық-түлік корпорациясы алдындағы қолда бар міндеттемелерді мерзімінде орындауы тиіс, – деп қорытындылады кеңесті Мұрат Балпан.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар