Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы жүйесі нақты дамып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы жүйесі нақты дамып келеді

15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні

Осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын қазақтың Ұлттық валютасы – Теңге айналымға шыққанда таудың шыңына қонғандай күйді кешкенімізді әлі күнге дейін ұмытқан жоқпыз. Содан бері 15 қараша Қазақстанның Ұлттық валютасы күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып саналып келеді.

Еліміздің тәуелсіз дамуының 30 жылдан астам уақытында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі алғашқы қалыптасу кезеңінен тұрақты даму және барлық ірі халықаралық қаржы институттарының мойындауы сияқты белестерден өтті.

Бұл Қазақстанның бүкіл экономикасын нығайтуда және оның еуразиялық интеграцияға белсенді қосылуында маңызды рөл атқарды. Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендік символына айналды.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы, республиканың экономикалық қауіпсіздігі және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы салық түсіміне байланысты екендігі белгілі.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ведомстволық мерекелерін жақсы көрсеткіштермен қарсы алды. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 377,5 миллиард теңге түсті.  Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде 18,8 миллиард теңгеден астам қаржы қамтамасыз етілді. Биыл республиканың мемлекеттік кірістер органдары 10 жылдық мерейтойын атап өтті және осы уақыт ішінде мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 7 еседен астам өсті. Бұл салықтық түсімдер облыстың одан әрі дамуына, азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға, мектептер, ауруханалар, балабақшалар мен жолдар салуға мүмкіндік берді.

Әртүрлі интернет-платформаларда Мемлекеттік кірістер комитеті, екінші деңгейлі банктер және тағы басқа салықтық электрондық қызметтерді енгізудің арқасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі белсенді түрде енгізілуде. Оның негізгі мақсаты – салық төлеушілер үшін әкімшілік шығындарды азайту, бизнесті дамыту, бюджетке салық жинауды арттыру. Бұл сервистік модель салық төлеушілерге салық төлеуге оңай әрі ыңғайлы болды.

Салық төлеушілерге электрондық пошта, SMS хабарламалар, салықтар туралы push-хабарламалар жіберу, салықтық есептерін толтыру және автоматты түрде декларациялау, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тегін консультациялар алу және басқа да шаралар олардың іскерлік белсенділіктерін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландыру мемлекеттік кірістер органдары стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда цифрландыру саласында мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы автоматтандырылған. Бұл әрбір азаматтың мемлекеттік кірістер органдарына келмей-ақ интернет арқылы қызмет алуға мүмкіндігі бар деген сөз.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету болып табылады. Жыл басынан бастап 622 мың 518 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгенін атап өткен жөн.

Сөз соңында барлық қаржы саласы қызметкерлерін Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтаймын! Біздің валютамыз – теңге тұрақтанып, нығая берсін! Сонымен қатар, еліміздің қаржы саласын дамытуға Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің барша қызметкерлерінің баға жетпес үлесін атап өткіміз келеді. Барлық жоспарларыңыздың орындалуына және жұмыстарыңызда жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін!

Сіздерге амандық, мықты денсаулық және баянды бақыт тілеймін!
Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар