Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылыс саласында іске асырылатын жоба көп - АРҚА АЖАРЫ

Құрылыс саласында іске асырылатын жоба көп

Ағымдағы жылы Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 200-ден астам іс-шараны жүзеге асырды. Басқарма бюджеті 100 миллиард теңгеге жуықтаған. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі кезекті брифингте басқарма басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев саланың қызмет қорытындылары туралы айтып берді.

– Биыл облыста бір ауысымда 14,5 мың орындық он бес мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 8,4 мың орындық жеті мектептің құрылысы аяқталды. Шеттегі аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында Қосшы қаласында 1,2 мың орынға арналған мектеп тапсырылды. Аяқталу кезеңінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын әрқайсысы сексен орындық тағы үш мектеп бар. Олар, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылында 1,1 миллиард теңгеге салынатын мектеп. Жауапты мердігер – «DeloFBK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сандықтау ауданы, Петровка ауылында құны 871 миллион теңгеге «Өркен» серіктестігі іске асыратын мектеп пен Целиноград ауданы, Жаңажол ауылында «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жауапкершілігіндегі құны 732 миллион теңге болатын білім ошағын да айта кету керек. Барлық нысандарда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, технологиялық құрал-жабдықтар әкелініп, абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Дайындық сексен пайызды құрайды. Және де Бестөбе ауылындағы құны 2,4 миллиард теңге үш жүз орындық мектеп құрылысын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Оған «Гранит-Сервис Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер ретінде таңдалған. Ал, Көкшетау қаласындағы 588 орындық мектеп-интернат құрылысын мердігер «СКС Инжиниринг» ЖШС келесі жылы аяқтауды жоспарлауда. Жоба құны 5,2 миллиард. Айта кетерлігі, бұл екі мектептің құрылысын аяқтауға қаржы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түседі, – деді Азамат Байқуанышев білім саласындағы атқарылған жұмыстарды атап өту барысында.

– Білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін басқарма екі мың орындық алты жобаны жобалап, төрт мектеп пен үш қосымша ғимарат салуда. Бұл жобалар Аршалы, Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласында жүзеге асатын болады. «Денсаулық сақтау саласында қырық бір нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункті, Атбасар ауданы Новосельское ауылында фельдшерлік пункт құрылысы және Біржан сал ауданының орталығы Степняк қаласындағы аудандық аурухана жалғасады. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша отыз сегіз алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы қарастырылған. Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында бірінші нысан аяқталды, жыл соңына дейін 27 нысанды, келесі жылы 10 нысанды аяқтау жоспарлануда, – деп Азамат Сабыржанұлы денсаулық саласындағы қажеттіліктерге тоқталды. Бұл ретте, Новосельское ауылындағы фельдшерлік пункт құрылысына жауапты «Шаңырақ-XXI» серіктестігімен келісім-шарт міндеттемелері тиісінше орындамауына байланысты бұзылып, жаңа мердігер «БФ.Элит-Құрылыс» ЖШС жұмысты жыл аяғына дейін аяқтауға келіскен. Ал, Степняк қаласындағы аурухана бойынша 1 миллиард теңгеден астам қаржы тапшылығы байқалған. Келісім-шарттың құны 5,8 миллиард теңге болса, 2023-2024 жылдары 4,7 миллиард теңге қарастырылған. Алайда, нысанды пайдалануға беру келесі жылға жоспарланған.

Басқарма қызметіндегі басым бағыттардың бірі тұрғын үй құрылысы. Ағымдағы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары – 580 мың шаршы метр немесе бес мыңнан астам пәтер болса, өткен қаңтар-қыркүйек айларында 428,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жылдық жоспар 74 пайызға орындалған. «Өткен жылдан бастап тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты тәсілдер өзгерді. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар енгізілді. Үкіметтің бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Жалпы биыл 840 пәтерді сатып алу көзделген. Олардың 641-і жекешелендіру құқығымен,199-ы жекешелендіру құқығынсыз. Осы мақсатқа барлығы 15,9 миллиард теңге бөлінді», – деді Азамат Байқуанышев бұл бағыттағы жұмыстарды түсіндіріп.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 596 пәтер сатып алынса, 3,7 миллиард теңгеге жекешелендіру құқығынсыз берілетін пәтерлерді сатып алу толығымен аяқталған. Ал, 7,2 миллиард теңгеге жекешелендіру құқығымен 397 жеке үй алынған. Қалған 244 пәтер бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы қарашаның соңына дейін шығарылып, жоспар толық орындалатыны белгілі болды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар