Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнер мен өлең үшін жаратылған - АРҚА АЖАРЫ

Өнер мен өлең үшін жаратылған

Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасында «Көкшенің көркемсурет палитрасы» жобасы аясында жоғары техникалық колледж студенттері үшін сәндікқолданбалы өнер шебері, ақын Альбина Байковскаяның қатысуымен суретші сағаты өткізілді.

Альбина Кирилловна – белсенді өмірлік ұстанымы бар жан-жақты талантты әйел. Ол өлең жазады, сәндік-қолданбалы өнермен және кескіндемемен айналысады, қуыршақтар, айтары бар көне заттар жинайды. Соғыс жылдары Приморск өлкесінде Жапон теңізінің жағасында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Альбинаның әкесі Кирилл Филиппович Акиншин Зеренді ауданының тумасы, Қиыр Шығысқа Қызыл Армия қатарына шақырылып, сол жақта жапон миллитаристерімен соғысқа қатысқан. Әскер қатарында медбикеге үйленіп, соғыстан кейін отбасын Көкшетауға көшіріп алып келген. Альбина Кирилловнаның әкесіне арнаған барлық өлеңдерінде осы бір қымбатты адамына деген жан жылуы, сүйіспеншілігі мен сағынышы мен мұндалайды.

Анасы Александра Яковлевна өмір бойы Көкшетау теміржол ауруханасында фельдшер болып жұмыс істеді, кейде науқастардың қамымен алыс сапарларда жүретін, ешқашан адамдарға көмектесуден бас тартпады.

Альбина Кирилловна бала кезінен сурет салу мен қолөнерді, өлең жазуды ұнататын. Бұл жағынан оған әрқашан әжесі көмектесті. Кейін Альбина Кирилловна колледжде балалармен жұмыс істей жүріп, оларға техникалық пәнді оқытып қана қоймай, сонымен қатар, халық шығармашылығы үйірмелерінде сәндік-қолданбалы өнерге үйретті, жас поэтикалық дарындарға көмектесті. Өз құштарлығымен колледжде мұражай ашты, оның басшылығымен екі халықтық-қолданбалы шеберлік клубы жұмыс істеп, «Шабыт» поэзия клубы құрылды.

Альбина Кирилловна осы күнге дейін сол хоббиімен айналысуды жалғастыра түсуде. Сол бұрынғысынша сурет салады, кесте тоқиды. Үнемі қалалық және облыстық байқауларға қатысады. Сәндік-қолданбалы өнер шебері Мәскеудегі «Әлем халықтарының өнері» халықаралық қауымдастығының мүшесі. Альбина Кириловна Байковскаяның коллекциялары түрлі бағалы заттарға бай. Олардың ішіндегі ең қызықтыларының бірі – қоңыраулар жиынтығы. Мұның бәрі кезінде әжесі берген қоңыраудан басталды. Кездесуде кейіпкеріміз өзі туралы және көркемдік талғамы мен шығармашылығына не әсер еткені туралы айтты. Балалар тарапынан «қандай коллекциялары, соның ішінде қанша қуыршақ коллекциясы бар, қуыршақ костюмдерін тігу идеясы қалай келді?» деген сұрақтар қойылды.

Іс-шара барысында Альбина Кирилловнаның «Өнер әлемінде» атты жұмыс көрмесі ұйымдастырылды, онда оның көптеген жұмыстары, соның ішінде өзі салып, кестелеген суреттері мен қуыршақтары, өлең жинақтары қойылды. Альбина Кирилловна өзінің өлеңдерінде туған өлкенің табиғаты, махаббат, адамгершілік қасиет туралы көп жырлайды. Жүргізуші Ж.Абдрахманова сол өлеңдерінің арасынан «Отан» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кездесуде Көкшетау музыкалық балалар мектебінің оқытушысы Жанна Мұхамеджанова автордың сөзіне жазылған Көкшетау туралы әнді тамылжыта орындап берді. Бұдан кейін сөз алған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лариса Минина іс-шараға қатысқандардың барлығына, соның ішінде біздің осы тілегімізді құп алған Альбина Байковскаяға алғысын білдіріп, денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Жанаргүл ӘБДІРАХМАНОВА,
Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасының  кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар