Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ескі мектептің орнында жаңа білім ордасы бой көтерді - АРҚА АЖАРЫ

Ескі мектептің орнында жаңа білім ордасы бой көтерді

Көкшетау қаласында №10 орта мектептің бұзылып, сырылған ескі ғимаратының орнына 500 оқушыға арналған осы заманғы жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды.

Бұл құрылыс бюджеттен бірде-бір теңгені қажет етпейді. Жоба бизнестің әлеуметтік әріптестігі аясында «ҚазЦИНК» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылуда және облыс орталығы балаларының білім сапасын арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты құрылыс алаңында болған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өскелең ұрпақты оқыту үшін сапалы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл мектептің салынуы – жай ғана жаңа нысан құрылысы емес, балалардың өсуі мен дамуына қажетті қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға жасалған қадам және ұлттық білім беру жүйесіне қосылған маңызды үлес. Бұған дейін «ҚазЦИНК» басшылығымен құрылыстың барлық егжей-тегжей тұстары талқыланып, бүгінде құрылыстың өзі де бастау алды. Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды жергілікті атқарушы органдар қоғам белсенділерімен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады, – деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы.

«Алматы Энерго Строй» ЖШС мердігер ұйымының өкілі Талғат Хамитовтың айтуынша, қазіргі уақытта құрылысқа шамамен 50 маман және қажетті техника жұмылдырылған. Тәжірибе мен озық технологиялар құрылысты мерзімінен бір жарым ай бұрын аяқтауға мүмкіндік береді. Жабдық жағынан жаңадан салынып жатқан №10 орта мектеп Целиноград ауданында салынған жайлы мектептермен бірдей болмақ. Оқу кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталып, білім беру үдерісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ғимаратты автономды түрде жылыту үшін мектептен қашықтықта блокты-модульді қазандық орнатылады.

Жобада жер телімінің көлемін 2,2 гектарға дейін ұлғайту да қарастырылған. Мұнда балалар ойын алаңдары, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, шағын футбол алаңы болады. Мектеп аумағында қосымша автотұрақтардың болуы да ескеріледі.

Жергілікті тұрғындар қаланың осы ауданында жаңа мектептің пайда болатынына қуаныштарын жасырмауда.

– Мен және менің балаларым №10 мектептің ескі ғимаратында оқыдық. Біз құрылыстың аяқталуын асыға күтудеміз. Бұл балалар мен мұғалімдерге барлық жағдай жасалған заманауи үш қабатты мектеп болатынына қуаныштымыз, – дейді зейнеткер Елена Гаврилова.

Еске сала кетсек,осыған дейін №10 мектепте 400-ге жуық бала оқыды. Құрылыс барысында олардың барлығы педагогикалық ұжыммен бірге №9 орта мектепке ауыстырылып, сонда білім алып жатыр.

Уақытша қиындықтар туындамауы үшін екі жүз оқушыны жайлы автобустармен мектепке тасымалдап тұруүш жақты келісім аясында «ҚазЦИНК» ЖШС есебінен ұйымдастырылды.

Алексей ЧАЙКА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар