Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Театр болып баураған құтты жол - АРҚА АЖАРЫ

Театр болып баураған құтты жол

Театрда шын мәнісінде, ұсақ-түйек деген болмайды. Алайда, алғашқы минуттардан көрерменді биік, таза өнердің тылсымына қалай бойлатуға болатынын басқаларға қарағанда кім жақсы түсінеді?
Кім ұжымға «драмалық спектакль» деп аталатын туындыны сахналауға көмектеседі?
Кім бүгінгідей жағдайда мүмкіндік мүлдем аз болса да, театрға аздап болсын, қаржылай кіріс түсіре біледі?
Кім жақсы психолог пен саясаткерден кем түспей, әрқайсысы бір-бір қайталанбас биіктікке пара-пар актерлер труппасымен ортақ тіл табыса алады?

Осы және осы тектес басқа да көптеген сауалдардың жауабы Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереевтің сан қырлы бейнесін тек жағымды жағынан аша түседі. Оның үнемі кадрдың сыртында қалатын «сахнадан тыс персонаж» екендігі түсінікті. Алайда, Бейбіт Салауатұлының өзіндік қолтаңбасы мен мінсіз сезімталдығы қашанда барлық деңгейде сезіледі.

Ал, осы сезімталдық дегеніңіз сірә, адамға тегіне қарай даритын болса керек. Атыраудың балықшылар ауылынан шыққан бала өз өмірінде тұңғыш спектаклін сегізінші сыныпта көріп, тамашалады. Ол аудан орталығынан келген халық театрының «Беу, қыздар-ай!» қойылымы еді. Сол жолы театрға бірден және мәңгі ғашық болды.

Сол бетпен республикалық «Дружные ребята» пионер газетіне «Актерге қайда оқуға болады?» деп жазып жіберсін. Бұл оның сол кездегі ойын да өзгертіп жіберді. Алдында сонда оқығысы келіп жүрген педагогикалық училищенің орнына өзін тек сахнадан ғана көргісі келіп, тоғызыншы сыныпқа барды.

Кейін біраз уақыт өткенде, Алматы театр көркемсурет институтының студенті атанғанда ғана нақтыны әлдебір еліктеуден, шындықты әсерлеуден айыру қабілеті өзінде жұмысшылар кентіндегі балалық шағынан қалыптасқанын түсінді. Ол бір адамды ісіне қарап бағалаған, әжесі Қобыланды батыр, Қыз Жібек эпостарының әр сөзін жадында сақтап қалған ерекше орта еді. Сол жырларды әр кеш сайын нақышына келтіріп, қалай дауыстап тамаша оқып беруші еді. Сондағысы Бейбіттей немересінің көкірегіне құйыла берсін деген керемет ой екен ғой.

Атақты Жүргенов институтында Бақтыгереев «Театрлық-көпшілік шараларды ұйымдастыру және жоспарлау» деп аталатын жаңа бөлімде оқыды. Актер болмағанына қынжыла қоймайды, «ең бастысы мен театрдамын».

Көкшетауға «қызыл» диплом иесінің табан тіреуі ұзаққа созылды. Провинциядағы Целиноградқа келген, кейін ол астана болып шықты. Сондықтан, перспективасын біле отырып, осы қаланы таңдады. Бірнеше жыл жұмыс істеді, Көкшетауға көшуіне «пәтер мәселесінің» түрткі болғанын жасырмайды.

Бірақ, ол да бірден болмады. 2022 жылы құрылысы бір сағат та тоқтамайтын астанадан кейін біздің қаламен жаяу қыдырып, танысып жүргенінде бұл шаһар өзіне сондай ұйқылы, самарқау көрінген. Сөйтсе, алғашқы әсер алдамшы келеді екен. Көкшетауға екінші рет 2013 жылы келді. Қала жоспарлары мен идеялары бастан асып жатқан Ақмола облыстық орыс драма театрының директорын театрмен бірге үміттендіре қарсы алды. Қаланы да содан бастап сүйіп кетті. Енді міне, Бейбіт Бақтыгереев әр қадам сайын өзінің «Көкшетауды театр Меккесіне айналдырғым келеді» деген аңсарлы мақсатына асығумен келеді. Соған өз театрын біртіндеп әкеле де жатыр. Көркемдік кеңестің әр мәжілісінде сол үшін де «Көрерменді тәрбиелеу керек, тек оның театрға көңіл көтеру үшін ғана келетін бөлігінің жетегінде кетпегеніміз жөн. Шыққан биігімізден төмендемеуге тиіспіз» деп қайталаудан жалыққан емес.

Осыдан үш жыл бұрын Санкт-Петербургте өткен халықаралық театр фестивалінде азулы сыншылар бас кезінде «Чичиков» спектаклі облыстық театрмен қойылғанына сенгілері келмеген: «бұл республикалық театрдың деңгейі». «Лютый», «Станционный смотрительге» ақмолалықтар ғана қол соғып қойған жоқ. Бұл спектакльдерді гастрольдік сапарлар мен фестивальдарда көру бақытына ие болғандардың бәрі шапалақтарын аянған жоқ. Әрі жалғыз Қазақстанда ғана емес.

Өткен театр маусымы көп жайды аңғартады. Біздің төрт алаңшада 372 спектакль. 13 жаңа қойылым. 400000 көрермен.

Осынау 400 000 ақмолалық театр сүйер қауымға Астана, Шымкент, Атырау, Астрахан… қалаларындағы гастрольдік турлар кезіндегі сүйсінген көрермендерді қосыңыз. Бұған Ресейдің Кинешма, Владимир, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында өткен төрт халықаралық фестивальдағы театр қолдаушылары мен театр сыншыларын қоссақ, тағы артық болмайды. Ақмола облыстық орыс драма театрының спектаклін көргендер жиі-жиі өздерінің таңданыстарын жасыра алмаған сәттер көп. «Алматы, Астана, олардың театрларын біз білеміз. Көкшетауды, бірақ… Ол шағын ғана қала ғой, соған қарамастан мынадай қойылым!».

Бұл бәрі демеңіз, осы жылдың қыркүйегінде Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКІСОЙ) ұйымдастырған «Әбіш әлемі» ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінде «Станционный смотритель» ең үздік спектакль ретінде Гран-Приді жеңіп алды. «Таңдаулы режиссура» аталымында осы қойылымның режиссері Тимур Кулов топ жарды.

Біздің театрды осындай триумфқа жеткізген адам, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Бақтыгереев жоғары марапатқа – «Түркі әлемі мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Қымбатты Бейбіт Салауатұлы, мерейтойыңызбен! Жаңа биіктерді бағындыра беріңіз!

Нина МИТЧИНОВА,
Қуат КӘКЕНОВ.

АООДТ суреті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар