Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

Құрметті еңбек ардагерлері!

Баршаңызды ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл егіс алқабында, фермада, жеке шаруашылықта еңбек ететін, өмірі ауыл тағдырымен тығыз байланысты әрбір адамның мерекесі. Ауыл еңбеккерлерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және республикамыздың экспорттық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін бағаламауға болмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдына өнімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу, өңдеуші саланы дамыту бойынша маңызды міндеттер қойып отыр. Өңірімізде бұл бағыттағы даму қарқынды жүріп жатыр: мал шаруашылығында оң тенденция байқалады, ауылдық жерлерді дамыту қолға алынып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі көтерілуде, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, өнеркәсіп қарқынды дамып келеді.

Мұның барлығы ауыл шаруашылығы саласының негізгі міндеттерін – азаматтарымызды сапалы өніммен қамтамасыз ету, еліміздің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешуге көмектеседі.

Әрине, биылғы ауыл шаруашылығы жылы диқандарымыз үшін өте ауыр болды. Дегенмен, олардың адал еңбектерінің, озық агротехнологияларды енгізудің және мемлекеттің қолдауының арқасында облысымыз орақ науқанын сәтті аяқтап қана қоймай, рекордтық өнім – 6,6 миллион тонна астық жинауға қол жеткізді.

Егін орағы кезінде ұтымды, нақты және үздіксіз жұмысты қамтамасыз еткен, егіналқабы мен қырманда, зертхана мен комбайн штурвалында еңбек еткен барша ауыл еңбеккерлеріне шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Қажырлы еңбектеріңіз үшін, өз істеріңізге жауапкершілік пен адалдық, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың да бір рахмет!

Жер-ана төскейіндегі, фермадағы, өндірістік цехтардағы қажырлы еңбектеріңіз барлық марапатқа, ерекше құрметке лайық. Өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының озық дәстүрлерін қалыптастырып, жастардың отансүйгіштікке, туған жер құшағында адал еңбек етуге деген құлшынысын оятып жүрген сала ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді.

Құрметті жерлестер!

Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және отбасылық ынтымақ-береке тілеймін! Жыл сайын еселі еңбектеріңіздің есесімол өніммен өтеліп, лайықты төленіп, қанағат сезіміне бөлейтін болсын. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

***

Құрметті ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері!

Өңірдің депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл егістіктерде, фермаларда, жеке шаруашылықта жұмыс істейтіндердің барлығының мерекесі. Ауыл еңбеккерлерінің елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республиканың экспорттық әлеуеті мен имиджін арттыруға қосқан үлесі баға жетпес.

Еліміздің басты астық өндіру өңірлердің  бірі болып табылатын Ақмола облысының фермерлері үшін биылғы ауыл шаруашылығы жылы дәнді дақылдардың өте жоғары өнімділігімен ерекшеленді. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерден асты, ал бастырылған астықтың жалпы өнімі 6,6 миллион тоннадан асты. Қазір бидайды сату мен сақтаудың кейбір қиындықтары бар, бірақ біз оларды мемлекеттің қолдауымен жеңетінімізге сенімдімін.

Жыл сайын осы саламен бірге жүретін барлық қиындықтарға қарамастан, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері өңірдің алдында тұрған маңызды және жоғары міндеттерді мойындай отырып, сүйікті істеріне және туған жеріне адал болып қалатынын атап өту қуантады.

Ақмола өңіріндегі астық өндеушілері мен мал өсірушілерінің қажырлы еңбектері мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  экспорттық әлеуетін нығайту бойынша қойған міндеттерін іске асыруға қомақты үлес болып табылады. Бүгінде экономиканың аграрлық секторының алдында инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге байланысты маңызды міндеттер тұр. Бұл мақсаттарды сіздер сәтті орындайтыныңызға сенімдімін.

Құрметті жерлестер, сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сергектік, жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін! Сіздердің қиын, бірақ асыл еңбектеріңіз үшін  мың алғыс!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар