Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Степногорск қаласында мәслихаттардың 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға қатысты.
Мерейтойға арналып волейболдан турнир ұйымдастырылды. Онда облыстық, Степногорск қалалық және Зеренді аудандық мәслихаттарының депутаттары, сондай-ақ, Степногорск қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен қала активі және ауылдық округ әкімдері бірнеше команда болып, өнер көрсетті.Жарыс нәтижесінде облыстық мәслихаттың командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Степногорск қаласы активінің командасы, үшінші орынды Степногорск қалалық мәслихатының депутаттары иеленді.
Жеңімпаз командаларға марапаттарды табыстай келе, облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіпов әріптестерінмәслихаттардың 30 жылдығымен және турнирдің сәтті өтуімен құттықтады.
«Горняк» мәдениет сарайындағы мерейтойлық іс-шараның салтанатты бөлігінде сөйлеген сөзінде Бейбіт Айтымұлы Степногорск қаласы мен жақын маңдағы кенттер тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы депутаттық корпустың рөлін атап өтті, өткен шақырылымдардың депутаттары мен жұмыс істеп жатқан қазіргі депутаттар корпусына туған өлкенің игілігі жолындағы жемісті жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Іс-шараға қатысушыларды Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы және қалалық мәслихат төрағасы Олжас Жағыпаров құттықтады.
Іс-шара барысында облыстық мәслихаттың, өткен шақырылған Степногорск мәслихатының депутаттарына, бірқатармемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлеріне «Мәслихаттарға – 30 жыл» мерейтойлық медальдары тапсырылды. Қатысушылардың назарына тартымды концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.