Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапалы өнім – бәсекеге қабілеттілік кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Сапалы өнім – бәсекеге қабілеттілік кепілі

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту үшін бірнеше стратегиялық бағыттарды атап өтіп, оның ішінде өнімнің экспортын кеңейту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту, сондай-ақ, логистика мәселелерін шешу қажеттілігіне баса назар аударды.

Президент атап өткеніндей, Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары, бірақ, оны толық пайдалануға әлі де мүмкіндіктер бар. Ол еліміздің аграрлық секторын халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті ету үшін, сапалы өнімдер шығару және өндірісті заманауи технологиялармен жаңарту қажеттігін айтты.

Бұл форум ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың өзара тәжірибе алмасуына және саланың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдануына жол ашты.

Форумда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан шаралар да сөз болды. Қазақстан астық тасымалдауды Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғыз және Ауғанстанға жоспарлы түрде бастады. Бұл қадам Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңірлік нарықтарда кеңірек таратуға және оның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Астық тасымалдаудың осы елдерге бағытталуы Қазақстан үшін жаңа нарықтар ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл еліміздің аграрлық секторын экономикалық тұрғыдан нығайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер беру арқылы экспорттық табысты арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Ақмола облысы еліміздегі аграрлы өңір саналады. Республикадағы астықтың үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі. Жыл сайын 2-2,5 миллион тонна астық экспортқа шығарылады. Ақмолалық астық негізінен Ресей, Қытай, Орта Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығарылады.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үшін бұл бағытта тұрақты даму және экспорттық әлеуетті арттыру стратегиялық маңызы бар қадам болып табылады.

Сәдібек ТҮГЕЛ,
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қосшы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар