Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2024 жылдың 21-22 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында облыстың барлық аудандары мен қалаларында арнайы техниканың қозғалысы орын алуы мүмкін, осыған байланысты тыныштық сақтауларыңызды, оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауларыңызды және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз.

Биылғы жылы оқу-жаттығу басшылығының республикалық штабы келесі мекен-жай бойынша орналастырылады: Ақмола облысы,  Көкшетау қаласы,  Көктем шағын ауданы, 9/1, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» ШЖҚ МКК ғимараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар