Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санат ерледі! - АРҚА АЖАРЫ

Санат ерледі!

Егіндікөл ауданының  шаруашылығы  «Шарафутдинов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы Санат Сәкенұлы Смағұлов бір өзі 1340 тонна астық бастырды!

 Ағымдағы жылы күзгі егін науқанында облысымыз рекордтық нәтижемен 6,6 миллион тонна астық бастырды. Бұл үздік көрсеткішке жету үшін облысымыздың егістік алқаптарында өнімді жұмыстар атқарылып, диқандарымыздың маңдай тері ырыс болып төгілді. Әр аудан, елді мекен өз деңгейінде құт қамбаны толтыруға үлесін қосты.  

Осы аудандардың бірі – Егіндікөл өңірі 418,5 мың тонна астық бастырып, гектар өнімділігін орта есеппен 13 центнерге жеткізді. Бұл дәнді дақылдарды жинау үшін аудандағы егістік алқабының көлемі 322,4 мың гектарды құрады. Жекелей алғанда, аудан астығының басым бөлігі гектарөнімділігі 12,9 центнермен 402 мың тонна бидай болса, 16,6 центнер өнімділікпен арпа 15,8 мың тонна болды. Қалған бөлікті гектарына 6,1 центнермен 3,9 мың тонна майлы дақылдар және өзгеде ұсақ өнімдер толықтырған. Көрсетілген астық көлемін алуда ауданның әрбір шаруашылығы мен қожалығыныңеңбегі еселі. Ендеше, сол еңбек иелерін атап көрсету – біздің міндет. Мақаламызға арқау етіп егін шаруашылығында жемісті еңбек еткен, ширек ғұмырын осы салаға арнаған «Шарафутдинов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайншысы Санат Сәкенұлы Смағұловты алып отырмыз.

Санат Сәкенұлы 1976 жылы Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Туған ауылының орта мектебін бітіріп, Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанып кете барады. Азаматтық борышын өтеп, ауылына оралысымен егін шаруашылығында жұмысын бастайды. Алайда, бұл тұс егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңге тап келді. Осылайша, тұрғындары тарап, Жұлдыз ауылы жабылғанда Санат әке-шешесімен Егіндікөл ауылына көшіп келеді. Жаңа қоныстағы алғашқы жұмысын «Алтын дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып бастайды. Аталған шаруашылықта 10 жыл табанды жұмыс істеп, өзінің қажырлы қайратын, жастық жігерін көрсетеді. Әрмен қарай «Аскоп» серіктестігінде жұмысын жалғастырып, 5 жыл шаруашылықтың астығын жинауда өзінің қалыптасқан, тәжірибелі маман екенін дәлелдейді. Қазіргі уақытта Санат Смағұлов Егіндікөл ауданының ірі шаруашылығы саналатын «Шарафутдинов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде комбайншы болып еңбек етуде. Жалпы алғанда Санат Сәкенұлының бұл саладағы жұмыс өтілі 27 жыл.

– Жұмысым өзіме ұнайды. Директорымыз, әріптестеріміз жақсы адамдар. Жалақысын уақытылы төлейді. Қысқымезгілде көмір, ағаш беріп, отынмен қамтиды. Малдарымыз үшін жемшөпте аламыз. Биылғыегін жайын айтар болсам, жауын-шашын демесек, аса қатты қиындықтар болмады. Барлығы жақсы өтті деуге болады. Уақытында бастап, уақытында аяқтадық. Біздегі екі бригадада ең өнімді еңбек еткен мен. Күніне 30 тоннадан 50 тоннаға дейін астық бастырып тұрдым. Жалпы, егін науқаны барысында 1340 тонна астық бастырдым, – дейді комбайншы өткен орақ науқаны жайлы сұрағанымызда.

Бүгінгі таңдакейіпкеріміз төрт ұл және бір қыз баланың қамқор әкесі, жарының сүйеніші, отбасының тірегі. Табан ақы, маңдай терімен тапқан нәпақасымен жанұясының ырысын арттыруда. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жарты өмірін дала жұмыстары мен астық бастыруға арнаған Санат Сәкенұлының еңбегі ақталып, бүгінде ауданның «Үздік комбайншысы» атанып отыр. Әрине, лайықты әрі иесін тапқан марапат. Бүгінгі Мемлекет басшысы назарға алып отырған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы осылай жүзеге асуға тиісті.

Айта кетейік, Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мол өнім алу үшін агротехнологиялық шаралар кешені аясында егістік алқаптарға 15,5 мың тонна минералды тыңайтқыштарды енгізіп, 225,5 мың гектар алқапқа уақытылы арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Егін жинау науқанын сапалы, уақытында аяқтау үшін 503 астық жинайтын комбайндар іске жұмылдырылуы да жоғарыдағыдай өз нәтижесін берді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар