Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтарға заң көмегін алу жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтарға заң көмегін алу жолдары

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Қазақстанда кез-келген заңды немесе жеке тұлға заң көмегін немесе заң қызметтерін көрсете алады. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен заң көмегін көрсету адвокаттар мен заң консультанттарына жүктеледі.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес,  егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, заң көмегін көрсетудің шектері мен шаралары заң көмегін көрсететін тұлғаның қалауы бойынша айқындалады және шектеледі.

Қорғаудың бір тәсілі адвокаттың «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 33-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының тәртібімен барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға құқылы.

Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 35-бабы 8-тармағының тәртібімен мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы №7 Нормативтік қаулысының 28-тармағына сәйкес адвокаттың сұратқан оның кәсіби міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді толық көлемде ұсынбауды мұндай құжаттарды адвокатқа заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбау деп қараған жөн. Егер осы әрекеттерде қылмыстық жазалау белгілері болмаса, бұл ӘҚтК-нің 668-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804-бабы 1-тармағының 33) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау құқығы әділет органдарына берілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 668-бабы мыналарды белгілейді,  адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенiң заңды қызметiн жүзеге асыруына жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, олардың кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн талап етілетін материалдарды немесе мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, лауазымды адамдарға он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Д. ГАВРИЛОВ,
Ақмола облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар