Биылғы жылдың 15 қарашасында Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 109 жыл толды. Жыл сайын бұл күні ақмолалықтар Көкшетау қаласындағы «Даңқ» аллеясында орналасқан батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырған.
Биыл да солай болып, халқымыздың аяулы перзентінің ескерткішіне Ақмола облыстық әкімдігі, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы,Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі, М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған мектеп-гимназиясыжәне Краснояр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясыатынан гүл шоқтары қойылып, аруағына тағзым етілді. Салтанатты рәсімде сөз алған азаматтар академик, ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің майдан даласымен бірге, бейбіт өмірдегі өнегелі істерін, қарапайымдық пен ізгілікке толы адамгершілік қасиеттерін тебірене еске алып, даңқты есімінің халқымыздың бай тарихи мұрасы, ерлік жолымен бірге ғасырлар бойы жасай беретіндігіне сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.