«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Көшпелі заң көмегі керуені» ауыл тұрғындарына заңгерлік қолдау мен кеңес беруге бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асуда.
Жоба заңгерлері Ақмола облысы ауылдары тұрғындарымен кездесті.
–Азаматтардың түрлі сауалдары бар. Біреу азаматтық, біреу қылмыстық іс бойынша ақылдасқысы келеді. Біреу – тұрғын үй заңнамасы бойынша, біреу – еңбек, банк, жер, салық бойынша білгенше асық. Біреулерді отбасы мен неке мәселелері қызықтырады, басқаларды мұрагерлік, жылжымайтын мүлік, айыппұлдар, несие беру, кибербуллинг және тағы басқасы толғандырады. Көбінесе адамдар құқықтық жанжал туындаған жағдайда өзін қалай қорғау керектігін, неден бастау керектігін білмейді және бұл жерде «Көшпелі заң көмегі керуені» өте тиімді, – дейді заңгер Серікбол Қайратұлы.
Жобаның міндеті ауылдық жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау және елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.
Сағат ЖАНАЛИЕВ,
жоба жетекшісі.