Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Интернет-алаяқтық қылмыстар өршіп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Интернет-алаяқтық қылмыстар өршіп тұр

Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов өңірлік коммуникациялар қызметіндезаңдылық пен тәртіпті сақтау және азаматтардың құқығының қорғалуын қадағалау жөнінде осы жылдыңтоғыз айының жұмысқорытындылары туралы брифинг өткізіп, БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.

Облыс прокурорының мәлімдеуінше, биылғы жылдың өткен тоғыз айында облыста қылмыс саны бойынша көрсеткіш 6,6 пайызға артқан. Оның өсуінің басты себебі – алаяқтық қылмыстардың көбеюі. Жалпы, еліміз бойынша Интернеттегі алаяқтық қылмыстар азаймай тұрғанын күнде естіп, біліп жүрсек те, оның айла-тәсілдері күн сайын үдеп, халықты қалай да өз қақпандарына түсіруде. Көрсеткіштерге көз жүгіртсек,  жыл басынан бері өңірдің 900-ден астам тұрғыны алаяқтардың құрығына ілініп, 1,8 миллиард теңгеден астам сомаға шығынға ұшыраған. Прокурордың айтуынша, мұндай қылмыстарды ашу да қиын екен.

– Бүгінгі күні алаяқтар адамдарды алдап, қаражатын алу үшін жасанды интеллект, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана бастады. Алайда, біздің тұрғындар әлі күнге дейін қарапайым тәсілдер – интернет арқылы сауда-саттық жасаудың, құқық қорғау органдарының, банктердің жалған қызметкерлері болып өздерін таныстырған алаяқтардың құрбаны болуда. Мысалы, «Н.» есімді азамат «Instagram» әлеуметтік желісінде «тиімді» инвестициялардың жарнамасына ілініп, 15 миллион теңге қаражатын алаяқтарға берген, осындай мысалдар аз емес, –деп прокурор алаяқтардың түрлі айлаларын әшкерелеп, тұрғындарды олардың алдауына түспеу туралы түсіндіружұмыстарыүнемі жүргізіліпжатқандығын айтып, азаматтар өздері сақтық танытуы қажеттігін ескертті.

–Бүгінде келтірілген шығыннан небары 15 миллион теңге өтелді. Сондай-ақ, 64 дропперден 84 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде, –деді бұл тақырыпты жалғастыра келе прокурор.Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде қаржы пирамидасына шақыратын «Лайм академия» компаниясының күдікті жарнамасы анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша 2 адамға қатысты қаржы пирамидасын құру және оның жұмыс істеуі фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Сонымен бірге, облыс прокуроры есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жер қатынастары, кәсіпкерлер құқығын қорғау секілді бірқатар салалар бойынша жүргізіліп жатқан нақты жұмыстарға тоқталды.

–Жер мәселесіне қатысты жасалған жұмыстар да аз емес, дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Себебі, Мемлекет басшысының нақтылы тапсырмасы бар әрі тұрғындарды мазалайтын маңыздысұрақтардың бірі – осы жер мәселесі. Биыл  прокуратураенгізген 5 қадағалау актісі бойынша уәкілетті органмен заңсыз берілген немесе мақсатсыз пайдаланылып жатқан 300 мың гектардан астам жерді мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап-арыздар дайындалуда.Бұдан бөлек, прокурорлар тағы да пайдаланылмай жатқан 200 мың гектардан астам жерді қайтару жөнінде де қажетті жұмыстарды қолға алды. Бұл жерде бір атап өтерлігі,осы жерлерді қайтару процедурасы шамамен 1,5 жылдай уақытты талап етеді.2023 жылыжарты миллион гектарға жуық жайылым тапшылығы 236 мың гектарға дейін азайтылды. Мысалы, прокуратураның актісіне сәйкес, Ақкөл ауданында инвестициялық жобаларды желеу етіп, заңсыз берілген 4160 гектарды құрайтын 3 жер учаскесі қайтарылды, –деді облыс прокуроры.

Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша облыс прокуратурасы 7 миллиард теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтарды анықтаған. Бұл орайда, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 1 заңсыз шарт бұзылып, 17 конкурс тоқтатылыпты.

–Мемлекеттік бюджетке келтірілген 1 миллиард теңге шығын өндіріліп, 500 миллион теңгенің мүлкі қайтарылды.Мысалы, Атбасар ауданында лауазымды тұлғалардың су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржының 236 миллион теңгесін ұрлау фактісі анықталды, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, мемлекет мүддесін қорғау мақсатында арнайы прокурорлар маңызды 3 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады.Тағы бір мысал, сот үкімімен мемлекетке мүліктік шығын келтірген Целиноград ауданының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы 2 жылға сотталды.Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 1,3 миллиард теңгеге жуық шығын нақты өтелді. Мысалы, Атбасар қаласындағы түзету мекемесінде 41 сотталушыны азаптау фактісі бойынша 12 қызметкерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, –деп атап өтті Руфат Бауыржанұлы.

Ағымдағыжылы арнайы прокурорлар су тасқынынанзардапшеккендергеүйсалуғабөлінген304 миллион теңгебюджетқаражатынұрлауфактісі бойынша қылмыстықістітергеп-тексеруді аяқтады. Біреулер тасқын судан зардап шегіп, бас қайғыға салынғанда, екіншілері оған бөлінген қыруар қаржыдан ақша жымқырып, мол байлыққа кенелгісі келген.

Жалпы, бұл брифингке журналистер көп жиналды, әрі облыс прокурорынан әртүрлі сала бойынша орын алып жатқан заңсыздықтармен күресудің жолдарын, нақты бір мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды сұрап білді. Атап айтқанда, облыстағы тұрғыны аз ауылдарды жабу мәселесі көтеріліп, заң бойынша 50 тұрғыннан аз ауылдарды жабу жөніндеәкімшілік-территориялық аумақтарды белгілеу туралы заңда нақтылы көрсетілгені түсіндірілді. Жер қатынастары тақырыбындағы Бурабай ауданындағы даулы мәселелер мен халықты толғандыратын денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, тұрғын үй, құқық қорғау органдары саласында орын алып жатқан келеңсіздіктер де көтеріліп, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар