Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қояндыға да табиғи газ құбыры жетті - АРҚА АЖАРЫ

Қояндыға да табиғи газ құбыры жетті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Қоянды ауылында болып, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу мәселелерін пысықтады.

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы облыстағы ең үлкен мектептің құрылысымен танысты. 2000 орындық бұл мектеп заманауи қауіпсіздік және қолжетімділік стандарттарына сай келетін жайлы білім ордасы болмақ. Қазіргі уақытта ғимаратта ішкі әрлеумен және айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп аумағында спорт және ойын алаңдары қарастырылған. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Төрт қабатты ғимаратта шамамен 80 оқу кабинеті, 4 спорт залы, акт залы және асхана бар. Әр блокта оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бейімделген коворкинг аймақтары, оқу мен қарым-қатынас жасауға арналған заманауи кеңістіктер, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған аймақтар, пандустар мен жедел сатылар қарастырылған.

Марат Ахметжанов жаңа мектептің іске қосылуы балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасайтынын, сондай-ақ, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтатынын атап өтті.

Ауылда ұзындығы 4 шақырымнан асатын су бұру арнасының құрылысы аяқталды. Бұл жоба «QazaqCityStroy» ЖШС-нің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Аталған нысан ауылдың инженерлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, су бұру жүйесін айтарлықтай жақсартып, әсіресе, мол жауын-шашын мен су тасқыны кезінде аумақты су басудан қорғайды. Тұрғындардың айтуынша, су бұру арнасы қазірдің өзінде айтарлықтай оң өзгеріс әкеліп, жеке үйлер мен әлеуметтік нысандардың қауіп-қатерін азайтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі газ құбыры мен газ тарату желілері және электр қуаты станциясы құрылысының аяқталу барысымен танысты. Мердігер ұйымның мәліметінше, ұзындығы 227,2 шақырым газ құбыры тартылды. Бір блокты және он бір шкафты газ реттегіш пункт орнатылған. Қазіргі уақытта газ құбыры бойымен пневматикалық сынау, тазарту, үрлеу және қысымды тексеру, сондай-ақ, газ құбыры желісіне тану белгілерін орнату жұмыстары аяқталуда. Жоба Қоянды тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етеді және экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартып, жылу шығындарын азайтады.

«Қоянды-Южная» 110/35/10 кВ қосалқы станциясында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қосалқы станцияны жаңарту аудан тұрғындарын тұрақты электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз етіп, әсіресе, қыс айларында электр энергиясының үзіліссіз берілуіне жол ашады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі жүзеге асырылып жатқан жобалардың өңірдегі жайлы инфрақұрылымды құруға бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі екенін атап өтті.

– Біздің барлық күш-жігеріміздің басты мақсаты – тұрғындардың жайлылығы мен әл-ауқаты. Жаңа мектеп, газдандыру, су бұру арнасын салу және электр қуатымен жабдықтауды жақсарту. Бұл тек инфрақұрылымдық нысандар ғана емес, сонымен бірге, өңірдің болашағына салынған инвестиция, – деп атап өтті аймақ басшысы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар