Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Е-апостиль электрондық қызметін қалай алуға болады? - АРҚА АЖАРЫ

Е-апостиль электрондық қызметін қалай алуға болады?

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің аумағында заңды күші болуы үшін тиісті түрде куәландырылуы керек.

Бұл процедура мөртабан апостилін қою деп аталады.

Апостиль – бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқаулығын және оның өкілеттігін растауды, сондай-ақ, құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқаулығын куәландыратын арнайы мөртабан.

Апостиль уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші уағдаласушы мемлекеттің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қойылады.

Казақстанда облыстардың, Астана, Алматы Шымкент қалаларының әділет департаменттерінотариустардан шығатын ресми құжаттарға, өзге де мемлекеттік органдар мен нотариустардан шығатын құжаттарға, азаматтық хал актілеріне апостиль қоюмен көрсетілетін қызмет беруші болып табылады.

Бүгінгі таңда азаматтарға ыңғайлы болу үшінбірнеше жолмен өтініш беруге болады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының (ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.Электрондық үкіметтің веб-порталы (ЭҮП) арқылы алуға болатын халыққа арналған мемлекеттік қызмет болып табылатын www.eqov.kz арқылы.2021 жылғы қаңтардан бастап «әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан шығатын азаматтық хал актілеріне, сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

Көрсетілетін қызметті алушылар электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтініш береді және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі, яғни, PDF файлында қоса берілген сканерленген құжаттары бар электрондық өтініш, сондай-ақ, мемлекеттік баж Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу, тексеру және дайын құжаттарды беру нәтижесін, ЭҮП өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібере отырып, уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Бүгінгі таңда мемлекеттік баждың сомасы 1846 теңгені құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі –порталда бір жұмыс күні, ал, ХҚКО арқылы болса, екі жұмыс күні.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Е-апостиль саласында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мақсатында мемлекет рәсімді оңайлатуға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған барлық шаралар қабылдануда.

Диана ЖАХИНА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласын бақылау бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар