Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау университетінде Шоқантану орталығы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау университетінде Шоқантану орталығы ашылды

Жуырда Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтыменбірлесіп «Шоқан Уәлихановтың еңбектеріндегі түркі халықтарының тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның басында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаевтың қатысуымен Шоқантану орталығының ашылу рәсімі өтті. Әрі қарай конференцияның алғысөзін алған ректор жиынның маңыздылығына тоқталып, «Қазіргі уақытта отандық тарихшылар Жошы ұлысы мен Қазақ хандығының сабақтастығы туралы тиісті дәлелдерді алға тартып отыр. Осы жерде Жошы ұлысы тарихының қазақ рулары мен тайпалары үшін маңыздылығын атап өткен жөн. Алтын орда құрамында болған 92 ру-тайпаның 20-дан астамы қазіргі қазақ халқының рулары болып саналады. Қалған рулары бұрынғы Дешті Қыпшақтың, басқа түркі халқының құрамында кездеседі. Әлі күнге дейін Ақмола-Көкшетау өңірінің орта ғасырлық тарихына қатысты зерттеулер толық жүргізілмегенін айта кеткім келеді. Сондықтан, аймағымызда Алтын орда дәуіріне жататын тарихи-танымдық материалдар мен мәдени ескерткіштерді іздестіру бойынша экспедициялар ұйымдастырып, кәсіби тарихшылар мен зерттеушілерді орта ғасыр және Жошы мемлекетінің тарихын жазуға жұмылдырса, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Көкшетау Жошы әулетінің соңғы даңқты өкілдері Абылай хан, Уәли ханның, Ұлытауда Жошы хан мазарының жанында бабалар салтымен үш жүздің өкілдері ақ киізге көтеріп, хан сайлаған Кенесары ханның құтты мекені екені белгілі», – дей келе, конференция қатысушыларына алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аталған ғылыми жиынға Ресей Федерациясынан және Қазақстаннан 20-ға жуықбелгілі ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады. Тақырыптары да алуан түрлі. Ұлық Ұлыс тарихы, шайбанидтер әулеті, Алтын Орда, қазақ хандығының мәселелері, батырлар мен эпостық жырлар, Сібір хандығы, шоқантану мәселелері, шежіре мен Шоқан шығармашылығын арқау еткен тақырыптар.

Тағы бір айтатыны, ғылыми конференция ұлыағартушығалым Шоқан Уәлихановтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіліп отыр. Алқалы жиында оқылған баяндамалар мен материалдар бойынша ғылыми жинақ  шығару жоспарлануда.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар