Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қорғалжын ауданының жаңа әкімін аудан активіне Ақмола облысының әкімі МаратАхметжанов таныстырды.
Алмас Алиннің алдына ауданның дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халық тұрмысына қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне барлық жоспарланған объектілердің іске қосылуын жеке бақылауда ұстау және олардың мерзімінің бұзылуына жол бермеу, жылыту маусымын қауіпсіз және үздіксіз жағдайда өткізу, сумен жабдықтау объектілерінің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, Алмас Алинге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік саласын, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде нақты жұмыс жүргізу қажет.
Кездесу соңында Марат Ахметжанов жаңа әкімге өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тіледі, оған қоса, Қорғалжын ауданының бұрынғы әкімі Берік Жанбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.