Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт саулығы үшін жан-жақты жұмыс қажет - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт саулығы үшін жан-жақты жұмыс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы дәстүрді сақтап, ағымдағы жылдың қыркүйегінде ел тұрғындарының назарына кезекті Жолдауын ұсынып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жолдаудағы алтыншы бөлімге сәйкес, біздің медицина саласына «ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуды» тапсырды, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жекеменшік медицинаға зор пайдасын тигізгенін айта келе, ел басшысы биыл денсаулық сақтау саласына жалпы сомасы 3,3 триллион теңге қаржы бөлінгенін атап өтіп, медицина саласына қатысты біраз мәселелерді көтерді, саланы жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарын алға тартты.

Облыстық денсаулық сақтау жүйесіне 561 медициналық нысан қарайды, оның 23-і стационарлық көмек көрсететін ұйым болса, 530-ы амбулаториялық-емханалық медицналық мекемелер. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 8,7 мыңға жуық білікті маман, оның ішінде 2170 дәрігер және 6599 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Біздің облыста медициналық кадрлардың жетіспеушілік мәселесі негізде шешілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш жыл ішінде резидентурада оқу гранттарын жыл сайын қосып отыру арқылы оның санын 70 пайызға дейін ұлғайту көзделген. Бұл кадр тапшылығын шешу мәселесіне үлкен қолдау болып отыр. Биылғы Жолдауында да Қасым-Жомарт Тоқаев «Білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үрдістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажеттігін» айтты. Жалпы, қазіргі уақытта облыс бойынша дәрігерлердің тапшылығы 190 адамды құрайды, өткен жылғы 1 қаңтарда 244 дәрігер жетіспеген еді. 2023 жылы ауылдық өңірлерге келген 110 дәрігерге жалпы сомасы 482,5 миллион теңгеге біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органнан берілетін біржолғы төлем түріндегі әлеуметтік қолдау облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерге 2,5 миллион теңгеге дейін және аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдық жерлерге және кенттерге жолданатын қызметкерлерге 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен мамандардың резидентурада оқуына 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриатта оқуға 50 грант бөлінеді. Дәрігерлердің әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында оларға пәтер беру, пәтерлерінің жалдау ақысын төлеу, көтерме ақы бөлу секілді кешенді шаралар үзбей жүргізіліп келеді. Ақмола облысының гранты бойынша медицина мамандығына оқыған түлектерді, басқа жақтан арнайы шақырылған дәрігерлерді баспанамен қамту жайы үнемі оң шешіліп, олар тұрғын үймен қамтылады.

Ағымдағы жылы өңірге келген дәрігерлердің саны 82 адам болса, барлығы тұрғын үймен қамтылды, олардың 18-і қалалық, 64-і ауылдық аймақтарға жолданған болатын. Сондай-ақ, республикалық грант түлектерін өтінішхат бойынша 18 адамға жеткізу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да күн тәртібінен түспейтін жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда медициналық техникамен жабдықтау 83,3 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,7 пайызға жоғары.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жыл сайын жаңа медициналық, техникалық құралдар сатып алынуда. Осы мақсатта ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 4,4 миллиард теңгеге 510 медициналық-техникалық құрал-жабдық сатып алынады. Оларды жеткізу жыл соңына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар, облыстың медициналық ұйымдарында 583 автокөлік бар, оның 531-і жұмыс істеп тұрса, 52-сі істен шыққан, жарамсыз күйде. Техникалардың орташа тозу деңгейі 74,9 пайызды құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың автомобиль паркін жаңарту мақсатында қаржы лизингі шеңберінде 3,7 миллиард теңгеге 50 медициналық жедел жәрдем көлігін сатып алу бойынша шарт жасалды.

Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін 2024 жылға 3 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Біржан сал ауданының Степняк қаласында емханамен біріктірілген аудандық аурухананың және Атбасар ауданының Новосельск ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыстары жалғасуда. Целиноград ауданының Қоянды кентінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталық пен Атбасар ауданының Сочинск ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді.

2023-2024 жылдары облыстың 14 ауданында жалпы саны 43 мың адамға қызмет көрсететін 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерін салу қарастырылған, олардың 14-і дәрігерлік амбулатория болса, 21-і ФАП, 3-еуі медициналық пункт. Бұл 38 нысан бойынша мемлекеттік сараптама жасалып, сметалық құны 9,8 миллиард теңгені құрады. Қаржыландыру жағына келсек, жалпы 5,8 миллиард теңге республикалық және облыстық бюджеттерден 28 нысанға бөлінді, олар ағымдағы жылдың қазан айынан бастап бірінен соң бірі пайдалануға беріле бастайды.

Мемлекет басшысы биылғы басты құжатта «еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту қажет» екендігін қадап айтып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берген болатын. Сондықтан, Президенттің Жолдауын орындау аясында облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы ресурстарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыс орталығы Көкшетау қаласында 630 төсек орындық заманауи көпбейінді облыстық аурухана салу, сонымен бірге Қосшы қаласында 1 мың келушіге арналған емханасы бар көпбейінді аурухана салу жоспарланған. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының әлеуметтік жобаларын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау бойынша Жақсы аудандық ауруханасының базасында 10 қазаннан бастап «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық облыстың 7 ауданы бойынша нейро-ортопедиялық бұзылулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді оңалту көмегін көрсетеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдымызға үлкен міндеттер жүктеп берді, ендігі арада сол үдеден шығу жолында батыл қадамдар жасап, ұлт саулығы үшін қолдан келгенше еңбек ете береміз.

Нұрлан АХИЛЬБЕКОВ,
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар