Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орталық қазандықты жөндеу – үш жылдың еншісінде - АРҚА АЖАРЫ

Орталық қазандықты жөндеу – үш жылдың еншісінде

Аудан орталығы Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін қалада 3600-ден астам нысан мен үйдің және пәтердің жылумен қамтылуы жақсарады деп күтілуде.  

Атбасар облыстың қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі. Бүгінгі таңда ондағы халық саны 30 815 адамды құрайды. Аудан орталығы тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселелердің бірі осы жылумен қамту жайы болып отыр. Орталық жылу қазандығындағы былтыр басталған күрделі жөндеу жұмыстары жоба бойынша үш жылға есептелген көрінеді. Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің айтуынша, ауқымды жоба қаланың экологиялық құрамдас бөлігін едәуір жақсартуға мүмкіндік бермекші.

–Орталық қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін экологиялық ахуал жақсарады, біз барлық сорғы станцияларын бір орталықтандырылған қазандыққа ауыстырамыз, соның нәтижесінде түтін мен көмірқышқыл газының шығуы азаяды. Ең маңыздысы, қазандықтың қуаты артады. Бүгінгі күні қазандықтың қуаты 23 гикакалорияны құрайды, реконструкциялаудан кейін ол 120 Гкал болады. Қазір біздің қалада 17 қазандық жұмыс істесе, алда бірыңғай жүйеге қосылады, бұл бүкіл жұмыс үдерісін оңтайландыруға және орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін температура режимі жақсарады. Биыл мердігер ұйым №3, №4 қазандықтардың іргетастарын жөндеп, ғимарат ішіндегі ауа өткізгіштердің газ жолдарын жөнге келтірді, тарату торабының үй-жайын жаңартты, қолданыстағы кәріз құдықтары мен желілерін ретке келтіріп, бірқатар тиісті монтаждау жұмыстарын орындады, – деді бұл ретте, Атбасар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Бибеков.

Ермек Серікұлының мәліметінше, қазіргі уақытта циклондарға арналған тірек конструкцияларын монтаждау, қазандықтарға арналған циклондарды құрастыру, химиялық су өңдеу ғимаратының тұрмыстық үй-жайларының едендерінтөсеу және қабырғаларын әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

–Жобаны аяқтау үшін №3 қазандықтың жану камерасының құрылысын іске асыру, редуктор мен электр қозғалтқышы бар скрепер-шөміш көтергішін монтаждау қажет. Біздің жоспарымыз бойынша барлық жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Келесі жылы жұмысты әрі жалғастырамыз, атап айтқанда, бірнеше қазандықтарды орнату, іргетастарды бөлшектеу, түтін мұржаларының негізін, отын беруді реттеу, түтін құбырларын салу, суды химиялық тазартуды орнату және ауыстыру жоспарлануда. Өткен жылы қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді, атап айтқанда, от жағатын орын ауыстырылып, қазандықтар қапталды. Қазіргі уақытта 1 және 2 қазандық тиісінше жұмыс істеп тұр, жылу беру тұрақты жүріп жатыр, – деп атап өтті одан әрі бөлім басшысы.

Біз алған ақпарат бойынша Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін 3693 абонентті жылумен қамтамасыз ету анағұрлым жақсара түсетін болады.

Ы.ШАМШИЕВА.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар