Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа пәтерлер халықтың осал топтарына беріледі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа пәтерлер халықтың осал топтарына беріледі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданында болып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алынатын пәтерлердің жай-жапсарымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігі енгізілгені белгілі. Пәтерлерді сатып алуда олардың жайлылығы мен инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Аудан орталығындағы Жастар шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің қайта жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл жобаны «Мега Строй групп» серіктестігі жүзеге асыруда. Компания директоры Абзал Орынғали қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құрылыс алаңында 40-қа жуық жұмысшы еңбек етуде. Тұрғын үйде жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Пәтерлер әрлендіріліп тапсырылатын болады.

Облыс әкімі нысанды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды.

– Қарқын мен сапа бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек. Құрылыстың, соның ішінде әрлеу жұмыстарының әр кезеңін мұқият тексеріп, қадағалау қажет, сонда тұрғындар көшіп кіргеннен кейін кемшіліктерге тап болмайды. Осы ретте, атқарылған жұмыстың сапасына мердігер жауапты, – деп атап өтті өз сөзінде Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Пригородное ауылындағы Дабыловтар отбасына берілген жаңа баспанаға барды. Ауыл тұрғындарына бұл үй су тасқыны салдарынан зақымданған апатты жағдайдағы үйдің орнына берілді. Жалпы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен ауылда 15 екі пәтерлі тұрғын үй салынған.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар