Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір ай бойы киіктер ерекше қорғауда болады - АРҚА АЖАРЫ

Бір ай бойы киіктер ерекше қорғауда болады

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов пен «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорныныңОрталық өңірлік филиалының директоры Шындос Омаров «Ақбөкен» акциясы жөнінде брифинг өткізді.

Елімізде жабайы жануарларды қорғау іс-шараларын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жабайы жануарларды қорғау туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1-31 желтоқсан аралығында республика бойынша кең ауқымды «Ақбөкен» акциясы өткізілмекші.

– Акцияны жүзеге асыру мақсатында инспекция құқық қорғау органдарымен, «Охотзоопром»республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнымен, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жанындағы «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесімен және аңшылық шаруашылықтарының қорықшылар қызметімен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында бірлескен рейдтер жүргізетін болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес киіктерді заңсыз ату және жою, сондай-ақ, сатып алу, сақтау, өткізу, әкеліп-әкету, жөнелту және тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Және декелтірілген залалдың орнын толтыру қарастырылған. Оның мөлшері 2024 жылы бір аталық киік үшін 2,7 миллион теңге болса, бір аналық үшін 1,9 миллион теңгені құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда киіктің аталығы үшін айыппұл мөлшері 8,3 миллион теңге, аналығы үшін 5,8 миллион теңге болады, – деді өз сөзінде Лашынтай Жасқайратұлы.

–Биылғы жылы көктемдегі санақ нәтижесі бойынша республика аумағындағы ақбөкендердің саны 2833600 болған. Оның 1,1 миллионнан астамы Бетпақдала популяциясында мекендесе, Көкшетау-Ақмола өңірлеріндегі саны 220 мыңға жуықтаған. «Киік» акциясына «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Орталық өнірлік филиалының құрамындағы Ақмола тірек пунктінің бір инспекторы және екі жүргізуші қатысатын болады. Жоғары жылдамдықпен жүретін,жол талғамайтынтөрт автокелік және екі КамАЗ кунгпен қамтамасыз етілген.Инспекторларқызметтік қару, дене сауыты, қол кісен, дубинка, әкімшілік хаттама толтыруға арналған планшет (ЕРАП базасы), видео-жетон,тағы басқа арнайы құралдармен жабдықталған. «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясынын мақсаты – ақбөкен популяциясын сақтау, көбейту және браконьерлікке қарсы күресті күшейту. Ақбөкен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілмеген. Бірақ, қазір аулауға толық тиым салынған аң түрлеріне жатады. Сондықтан, заң тұрғысынан оны заңсыз аулау үшін белгіленген жауапкершілік Қызыл кітап тізіміне енгізілген жануарлардың түрлерімен бірдей», – деп толықтырды брифингте акция туралы мәліметті өз кезегінде Шындос Елдосұлы.

Ақбөкен популяциясы Ақмола облысы аумағындағы Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын өңірлерінде тұрақты өріс алған. Соңғы жылдары Астрахан және Целиноград аудандарында да байқала түсуде.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар