Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сахна төрінде – тәрбиелік мәні терең туынды - АРҚА АЖАРЫ

Сахна төрінде – тәрбиелік мәні терең туынды

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі – көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. Бұл туынды ондаған жылдар бойы оқырмандардың жүрегін жаулап, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше рөл атқарып келеді.

Үлкен де, кіші де оқитын осы шығарманың негізінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің балалар кітапханасы «Менің атым Қожа» атты әдеби сахналық көрініс ұйымдастырды. Сахналық көріністе шығарма кейіпкерлерін сомдау үшін Көкшетау қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары таңдап алынды. Сахналық көріністе оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, сахнада рөлді сомдау ұжымдық жұмыс істеуді үйретеді, жауапкершілікті арттырады және өзіңе деген сенімділікті қалыптастырады. Әдеби іс-шара барысында оқушылар повестің негізгі оқиғаларын көркем бейнелеп, басты кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, сезімдерін, арман-мақсаттарын сәтті жеткізе білді. Қожаның бұзықтығы мен түзелуге деген ұмтылысы,мұғаліммен қарым-қатынасы, сыныптасы Жантаспен келіспеушілігі, өзінің мінез-құлқына баға беру сәттері және балалық шақтағы қайшылықты сезімдері өте шынайы сипатталды. Сахнада Қожаның рөлін сомдаған8 «ә» сынып оқушысы Берік Дидардың актерлік шеберлігі көрермендерді тәнті етті. Оның әрбір әрекеті мен сөздері, шығарманың рухын толық жеткізіп, көрермендерді балалық шақтың тәтті естеліктеріне жетеледі.

Сонымен қатар, Сағынтай Арман, Сауытбай Мерей, Алимұса Нұрисламшығарма кейіпкерлері Жантас, Жанар, Темірді бейнелеген оқушылар өз рөлдерін шебер орындады. Сондай ақ, сахна төрінде мұғалімдер бейнесін асқан шеберлікпен сомдап, жүректерімізге жылу сыйлаған Мүбәрак Мадина, Мақсат Достан, Қалбаева Жансая, Қалам Ерназар секілді оқушылар өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін ғана көрсетіп қоймай, ұстаз мамандығының қадір-қасиетін ерекше таныта білді. Көріністің әсерлі шығуына безендірілген кітап көрмесі, библиографиялық құралдар мен музыкалық сүйемелдеудің де ықпалы зор болды. Сахнада ауылдың бейнесін көрсету үшін қарапайым заттар қолданылып, көркем түрде қазақы тұрмыс көріністері ұсынылды. Музыкалық сүйемелдеу, би билеу арқылы сахналық көрініс одан әрі жанданып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара соңында кітапхана әдіскерлері оқушылардың өнеріне жоғары  баға беріп, шығарманың ерекше тәрбиелік маңызын атап өтті. «Менің атым Қожа» сияқты шығармаларды сахналау жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз. Бұл әдеби сахналық көрініс жас оқырмандарға Қожа бейнесі арқылы адалдық, шынайылық, жауапкершілік секілді қасиеттерді қалыптастыруға да ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар қазақ әдебиетінің асыл мұраларын дәріптеуде маңызды құрал болып қала береді. Көкшетау қаласының жалпы орта білім беретін №9 мектептің ұжымына, іс-шарада белсенділік танытқан  оқушыларына алдағы уақыттада осындайбірлескен жұмыстар барысында сәттіліктер тілейміз. Мектеп кітапханашысы Әйгерім Өмірбекқызына оқушыларға үлгі боларлық осындай игі бастамаларға ұйытқы бола отырып, кітапханамен байланыстыдамуға қосқан үлесі мен ықыласы үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Мектеп пен кітапхана әрқашан кітап оқуды алға жылжытуда достық көпір болып саналады. Мектеп оқушыларымен өткізілген бұл іс-шарада көрермендерге ұмытылмас жақсы әсер қалдырды деп ойлаймыз. Сондықтан да, жас оқырмандарымызға шабыттарыңыз сарқылмасын, шығармашылықтарыңыз әлі де шыңдала берсін дегіміз келеді.

Бақытгүл ҒАЛИЕВА,
Көкшетау қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар