Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес  2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 11.00-де  Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына: «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.

Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/17y8W41uaY/.

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар