Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміз үшін стратегиялық мәселелерді ортаға салып, экономикалық өсу арқылы мемлекетті дамытудың нақты факторларын атады. Жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына баса назар аударғанындай, биыл да Мемлекет басшысы инвестициялар тарту мен субсидиялау және жер қатынастары мен тағы басқа да өзекті бағыттарға жете тоқталып өтті.
Дәстүрлі Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – Қазақстанда қараша айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл мереке біздің жерімізде тұрып жатқан және еңбек ететін, егін шаруашылығында, мал шаруашылығында және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикасын нығайтып отырғандардың барлығын біріктіреді.Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешені серпінді дамып, жақсы нәтижелер көрсетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық және шешуші рөлін күшейте түсуде. Мәселен, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,5 есе өсіп, 828 миллиард теңгені құрады. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіш. Облыс соңғы онжылдықтарда болмаған гектарына орта есеппен 14 центнер өнімділікпен 6,5 миллион тоннадан астам рекордтық астық жинап, еліміздің басты нан қамбасы мәртебесін бекітті. Кейбір серіктестіктер мен жеке шаруа қожалықтарының егіс алқаптарында агротехнологияны дәл қолданудың арқасында өнімділік 60 центнерге дейін көтерілді. Айта кету керек, биылғы астықтың сапасы әлдеқайда жоғары. Өйткені, 60 пайыздан астамы үшінші сорт. Бұл нәтижелерге, басқалармен қатар, агротехнологияны сақтау деңгейін арттыру, минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемін және ауыл шаруашылығы дақылдарының үлесін екі есе ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Мысалы, 2023 жылы 111 мың тонна тыңайтқыш енгізілсе, 2024 жылы 258,7 мың тонна тыңайтқыш енгізілді. Егін жинау кезіндегі жоғары өнімділік егін жинауға тартылған 16 мыңнан астам заманауи ауыл шаруашылығы техникасы паркінің арқасында қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады» деп Мемлекет басшысы инвестиция тартудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Өз кезегінде, дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан шаруаларға үлкен қолдау көрсетілді. Республикада алғаш рет жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Оның ішінде 120 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке сатып алуға тартылды. Оның 88 миллиард теңгесі Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдауға жұмсалды. Бірге қолға алынған бұл шаралар облыста егін орағы науқанын ұйымдасқан түрде әрі дер кезінде өткізуге мүмкіндік берді. Ағымдағы астықты сақтау үшін 66 лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорны мен жалпы сақтау сыйымдылығы 7,2 миллион тонна астық қоймалары пайдаланылды. Астықты тәулік бойы кептіру үшін өнімділігі сағатына 9,6 мың тонна болатын 270 астық кептіру қондырғысы іске қосылды.
Сонымен бірге, саланың өзге шаруашылықтары да назардан тыс қалмады. Тарқатып айтсам, мал шаруашылығында құс етін өндірудегі жетекші орын республикалық көлемдегі ең үлкен үлеске, яғни, 30 пайызға жетті. Бұл жылына шамамен 125 мың тонна. Ал, тауық жұмыртқасы 16 пайыз орташа үлеспен сақталды. Жылдық көлемі 700 миллион дана. Бұған дейін белгілі болған 15 миллиард теңге сомасында жеңілдетілген несие қаражаты есебінен 6 мың басқа арналған 7 ірі тауарлы-сүт фермасын құру бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге ұлғайтуға жол ашады.
Ағымдағы жылы мал азықтық дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтудің арқасында егістік 30 пайызға дерлік өсіп, ол 420 мың гектардан астамды құрады. Аймақта малды қыстату үшін күшті азық базасы құрылып, 2,2 миллион тонна көлемінде бір жарым жылдық шөп қоры қалыптасты. Белгіленген жоспарымыз 1,3 миллион тонна болатын. Және де оң динамика өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. Облыста алпыс жеті өңдеуші кәсіпорын бар. Олардың он алтысы ет өңдеумен, он бесі сүт өңдеумен, жиырма сегізі ұн тартумен, сегізі майлы дақылдарды өңдеумен айналысады. Жыл басынан бері облыста 186 миллиард теңгеден астам соманың азық-түлік өнімдері өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артқан. Бұл ретте, Мемлекет басшысының үш жыл ішінде қайта өңдеу өнімінің үлесін жетпіс пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау шаралары жүргізілуде. Биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сүт зауыттарының жүктемесі – 86,2, ет комбинаттары – 76,3, май комбинаттары – 52, ұн тарту кәсіпорындары – 21,8 пайызды құрады. Атап айтқанда, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, олардың өндірістік қуаттары мен жұмыс көлемін арттыру мақсатында алдағы үш жылда агроөнеркәсіп кешенінде 132 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту арқылы сексен инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Мысалы, осы жылы 30,4 миллиард теңгеге жиырма жеті жоба, келесі жылы 47,2 миллиард теңге сомасына жиырма бес жоба, 2026 жылы – 54,7 миллиард теңгеге жиырма сегіз жоба әзірленуде. Биылдың өзінде 23,4 миллиард теңгенің он жеті жобасы іске қосылды. Жыл соңына дейін жеті миллиард теңгенің тағы он жобасы облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарының бірі болып табылады. Өңіріміздің қарқынды дамып келе жатқанына Астанаға географиялық жақын орналасуы да оң әсер етуде. Осыған байланысты елорданың айналасында Азық-түлік белдеуін құру өңірді дамытудың стратегиялық бағыты болатын. Ол оң нәтижеге бастауда. Сондай-ақ, облыста және елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты өткізіліп келеді, онда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуға болады. Жалпы, облыста агроөнеркәсіп кешеніндегі қарқынды сақтау және арттыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда деп сеніммен айтуымызға болады.
Кенеш ӘЛІМЖАНОВ,
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және
жер қатынастары басқармасының басшысы.