Целиноград ауданында халықтың тұрмысын жақсарту үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жылдан-жылға аудан аумағында әлеуметтік маңызды мәселелер шешіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Ірі және шағын ауылдар мемлекеттің қолдауын түрлі бағдарламалар мен бастамалар арқылы айқын сезінуде.
Мәселен, Рақымжан Қошқарбаев ауылында көше жарықтандыру жүйесін орнатуды қамтитын кентішілік жолдарды күрделі жөндеу жобасының екінші кезеңі аяқталды.
Жоба аясында «Строительная компания АТТМ групп» ЖШС мердігерлік ұйымымен 466 тірек орнатылып, 11 шақырымнан астам электр сымдары мен СИП-кабельдер тартылды.
Көше жарығы Қызылсуат ауылдық округінде де пайда болды. Бюджеттің төртінші деңгейінің қаражаты есебінен жергілікті әкімдік Шұбар, Аққайың және Қызылсуат ауылдарының көшелерін жарықтандыру бойынша сметалық құжаттама әзірледі.
Іске асырылған жоба шеңберінде шамдары бар 99 тірек орнатылды, бұл жалпы ұзындығы 3,5 шақырым жол учаскелерін жарықтандыруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарға округтің жеке салық түсімдерінен 20 миллион теңге бөлінді.
Айта кету керек, Қызылсуат ауылдық округінің бюджеті трансферттерді тартпай-ақ өзінің салық түсімдері есебінен ғана қалыптасады, бұл жергілікті қаржы ресурстарының дербестігі мен тиімді басқарылуын көрсетеді.
Қызылсуат ауылдық округінің әкімдігі халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Алдағы жоспарда – Қызылсуат ауылында хоккей кортын салу және елді мекеннің кіреберіс жолын жарықтандыру.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғындардың сенімін нығайту және одан әрі дамудың негізін қалау арқылы ресурстарды тиімді пайдаланудың мысалын көрсетеді.
Тұтастай алғанда, бастамалар Целиноград ауданы өмір сүруге, жұмыс істеуге және инвестиция құюға тартымды бола отырып, бұдан әрі дамуын жалғастыруда.
Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Целиноград ауданы.