Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері қаралды

Таяуда Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының және Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында облыстың денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелерқаралып, талқыланды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков пенАқмола облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Нияз Байғожин баяндады.

Ұлттық жоба аясында облыста 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы қарастырылған, оның ішінде 14 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық пункт бар. Жоба бойынша республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан және Үкімет резервінен шамамен 8 миллиард теңге бөлу көзделген. Облыстық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібінде шамамен 950 миллион теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда қаражат тапшылығы 2025 жылға арналған 10 ауыспалы жоба бойынша 1,4 миллиард теңгені құрайды.

Баяндамашылардың айтуынша, барлық жобалар бойынша мердігерлік ұйымдар анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Зеренді ауданына қарасты Айдабол және Мәлік Ғабдуллин ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларымен Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылындағы және Бұланды ауданының Новобратское ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер, яғни, 4 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беруге жоспарланған 17 жобаның 9-ы осы нысандарға инженерлік коммуникациялардың жоқтығынан тұралап, мерзімі желтоқсанға ауыстырылып отыр. Ал, он нысанды тапсыру 2025 жылы жоспарланған.

Ұлттық жоба шеңберінде екі аурухананы жаңғырту үшін Үкімет резервінен 823,7 миллион теңге бөлінді, бүгінгі күні Степногорск қалалық ауруханасындағы жансақтау бөлімшесі мен ота жасау блогын жөндеу, Атбасар қаласындағы бас ғимаратты жөндеу жалғасуда. Республикалық бюджеттен қаржыландырудың толық болмауына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы 2025 жылы күтілуде.

Отырыс барысында депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелеріорындалатын жұмыстардың сапасы мен мерзімдері бойынша баяндамашыларға көптің көңілінде жүрген көптегенөзекті сұрақтарды ортаға салды. Мәселен, аталған жобалардың біразында жабдықты сатып алу, инженерлік желілерді тарту сияқты қажетті шараларкөзделмегені алаңдаушылық туғызуда. Депутаттар ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық мекемелердің мерзімінде пайдалануға беріледі деген болжамға да күмәнмен қарайтындықтарын ашық айтып, өткір сұрақтарын алға тартты. Өйткені, халық қалаулылары аталған нысандарға жұмыс сапарымен өздері барып, құрылыс жұмыстарымен танысып қайтса керек.

Сонымен қатар,  отырыста «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Тұрмағанбеттің баяндамасы қызу талқыланды.  Филиал директорына қатысушылардың, депутаттардың, қоғамдық кеңес мүшелерінің, медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің қойған сұрақтары көп. Жасырары жоқ, денсаулық сақтау нысандарын қаржыландырудың тұрақты кідірісі де, тапшылығы да, қордың медициналық мекемелерге қатысты айыппұл санкциялары даөңірдің кадрлармен қамтамасыз етілуіне жақсы әсер етпейтіні өтірік емес. Барлық қабылданған шараларға қарамастан, ауылда да, қалада да кадрлардың тұрақтауын және мамандардың тапшылығын жою оңай емес. Медициналық ұйымдарды жабдықтармен, медициналық техникамен жарақтандыру мәселесі де кесімдішешімді талап етеді.

Барлық айтылған өзекті мәселелер қорытынды қаулыда көрініс тауып, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту туралы мәселе Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының талқылауына шығарылатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар