Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасар ауданына – жаңа әкім - АРҚА АЖАРЫ

Атбасар ауданына – жаңа әкім

2024 жылғы 6 желтоқсанда Ақмола облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен, Кенеш Әлімжанов Атбасар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкімді аудан активіне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды. Ол аудан әкімдігіне жүктелген негізгі міндеттерді атап өтті.

Жаңа әкімнің алдына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. «Әр тұрғын үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары коммуналдық қызметтердің сапалы, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының тиімді жұмысымен  бағаланады. Басты міндеттердің бірі – сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік нысандарды салу бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау. Сонымен қатар, аудан әкімдігі биылғы жылыту маусымын ойдағыдай өткізуі қажет», – деп атап өтті өз сөзінде Елдос Рамазанов.

Бұған қоса, Атбасар ауданы әкімдігіне кәсіпкерлікті дамыту резервтерін толық пайдалану, мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін тиімді қолдану, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жандандыру сияқты тапсырмалар берілді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар