Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын ойын арқылы дамыту - АРҚА АЖАРЫ

Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын ойын арқылы дамыту

Бастауыш сынып – оқушының тілдік дағдыларын қалыптастырудағы маңызды кезең. Осы жастағы балалардың тілі қарқынды дамып, сөйлеу қабілеті күннен-күнге жетіледі. Айтылым дағдыларының дұрыс қалыптасуы оқушының оқу, тыңдау және жазу қабілеттеріне де тікелей әсер етеді. Бұл процесте ойын – тиімді педагогикалық құрал ретінде ерекше орын алады. Ойын балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды белсенді әрекетке тартып, сөйлеу дағдыларын табиғи түрде дамытады. Бастауыш сыныпта айтылымға баса назар аудару арқылы оқушылардың сөздік қорын кеңейту, сөйлем құрастыру дағдыларын қалыптастыру және олардың тілдік кедергілерін жоюға болады.

Ойын – айтылымды дамыту құралы.Ойын балалардың табиғатына сай әрекет. Олар ойын барысында еркін сезініп, өз ойларын жеткізуде қателесуден қорықпайды. Ойын арқылы тілдік дағдыларды дамытудың келесі артықшылықтары бар:

  1. Мотивацияның жоғарылауы:Балалар ойын барысында қызығушылықпен белсенді қатысады.
  2. Қателіктерді түзету мүмкіндігі:Ойын еркін атмосферада өтетіндіктен, балалар өз қателерін байқап, оларды түзетуге тырысады.
  3. Тілдік кедергілерді жеңу:Балалар ойын барысында сөйлеу қорқынышын жеңіп, өз ойын еркін жеткізе бастайды.

Айтылым дағдыларын дамытуға арналған ойындар

  1. Сөздік ойындар:
    • «Сөз ойла, тез ойла!»– Белгілі бір тақырыпқа қатысты сөздерді шеңбер бойымен айтып шығу. Мысалы, «Жемістер» тақырыбында: алма, банан, жүзім.
    • «Сөзді жалғастыр»– Бір бала сөз айтады, келесі бала сол сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз ойлап табады. Шапан-нар- рахмет-тас….
  2. Сюжеттік-рөлдік ойындар:
    • «Дүкенде»– Бір бала сатушы, екіншісі сатып алушы болып, диалог құрады.
    • «Автобуста»– Жолаушылар мен кондуктор рөлдерін ойнау арқылы өзара қарым-қатынас жасайды.
  3. Қимыл-әрекет ойындары:
    • «Қимылды түсіндір»– Бір бала қимыл арқылы сөзді немесе әрекетті көрсетеді, ал басқалары оны табуға тырысады.
    • «Кім жылдам?»– Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді жылдам айту.
  4. Интерактивті ойындар:
    • «Суретті сипатта»– Балаларға сурет беріледі, олар оны сипаттап, әңгіме құрастырады.
    • «Телефон»– Бір бала сыбырлап сөйлем айтады, ол сынып бойынша қайталанады, соңында бастапқы сөйлеммен салыстырылады.

Ойындарды ұйымдастыруда:

  • Баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойындарды таңдау.
  • Тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру.
  • Әр оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
  • Балаларды ынталандыру үшін ойын соңында мақтау немесе марапаттау қолдануқажет.

Қорытынды
Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын ойын арқылы дамыту – оқыту процесін қызықты әрі тиімді етудің бірегей тәсілі. Ойындар оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың сөздік қорын байытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Бұл әдіс тек білім беру процесін жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың тілдік дағдыларын өмір бойы қолдануға мүмкіндік береді.

Нұргүль Шарипова, Асемгул Казисова
Көкшетау қаласы №1 мектеп гимназиясының  бастауыш сынып мұғалімдері

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар